Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ – ТЕҢІЗГЕ ШЫҒАР ЖОЛЫ ЖОҚ ДАМУШЫ ЕЛДЕР ҮШІН БАСТЫ СЫНАҚ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ – ТЕҢІЗГЕ ШЫҒАР ЖОЛЫ ЖОҚ ДАМУШЫ ЕЛДЕР ҮШІН БАСТЫ СЫНАҚ»

authorBy author5 августа, 2025Updated:22 августа, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында сөз сөйлеп, жаһандық сын-қатерлерді еңсеруде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы теңізге тікелей шыға алмайтын елдер үшін басты қиындықтардың бірі – климаттың өзгеруі екенін атап өтті.

– Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы ел су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену секілді экстремалды табиғи құбылыстарға душар болып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін өңір елдерінің ортақ күш-жігері мен белсенді халықаралық қолдау қажет, – деді Президент.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев климаттық саясаттағы әділеттілік пен теңгерімділіктің маңызын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, әрбір елдің даму деңгейі әртүрлі болғандықтан, климатпен күрестегі шаралар да барлық мемлекеттердің экономикалық сұраныстары мен әлеуметтік жағдайына бейімделуі тиіс. Президент осы бағыттағы нақты қадам ретінде келесі жылы Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитке ресми шақыру жасады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік даму мен өзара ықпалдастық саласындағы бастамаларына да тоқталды. Ол елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге арналған жобаларды, оның ішінде «Орта дәліз» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағытындағы көлік дәліздерін дамыту жоспарларын таныстырды.

– Біздің мақсатымыз – темір жол, автокөлік жолдары, авиация және логистика инфрақұрылымын біртұтас жүйеге айналдыру. Бұл Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі рөлін одан әрі арттырады. Қазір Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы еліміз арқылы өтуде, – деді Қ.Тоқаев.

Президент цифрландыру саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар екенін атап өтті. Жақында Астанада Alem.AI жасанды интеллект орталығы іске қосылып, суперкомпьютер пайдалануға берілді. Бұл қадам Қазақстанның ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға, жаңа технологияларды дамытуға жол ашады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып, Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, теңізге шығар жолдың жоқтығы кедергі емес, қайта ынтымақтастыққа, баламалы бағыттарды іздеуге түрткі болып отыр.

– Біздің өңір әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орнықты дамып келеді. Саяси ерік-жігер, стратегиялық инвестициялар мен халықаралық серіктестік теңізге тікелей шығатын жолдың жоқтығын толық өтеуге мүмкіндік береді. Бұл – Орталық Азияның даму үлгісінің басты ерекшелігі, – деді Президент.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан мен БҰҰ арасында Алматыда орналасатын Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл бастама аймақтық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, Аваза бағдарламасының негізгі міндеттеріне сай келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының мақсаттары мен қағидаттарына әрдайым адал болатынын айтты.

– Біз бұл елдердің мүддесін қорғап, халықаралық күн тәртібінен тыс қалмауын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Мұндай мақсатқа жетудің жалғыз жолы – халықаралық серіктестікті нығайту, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның бұл үндеуі теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттердің дамуына, олардың халықаралық аренада лайықты орын алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.