Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

authorBy author14 августа, 2025Updated:20 августа, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда ел бірлігін бекемдеу, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жайы талқыланды.
Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиынды ашып, алдыңғы буынның ел дамуына қосқан үлесін атап өттi. Кеңес сапындағы азаматтардың мол тәжiрибесiн ұрпақ тәрбиесiнде ұтымды пайдалану жайына тоқталды.
Күн тәртібіндегi мәселелер бойынша білім саласының ардагері Н.Байғұт жастарды адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеу туралы, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов азаматтық жауапкершіліктi арттыру және «Адал Азамат» жобасы жайлы баяндады. Ал медицина ғылымдарының докторы И.Байдаулетов бес әлеуметтік кеселдің алдын алу және «Салауатты сана» қағидаларын қалыптастыру жайын қозғады. Өз кезегінде тоғызқұмалақ федерациясының президенті А.Толықбаев ұлттық ойынды жастар арасында дамыту және оны кеңінен насихаттау жолдарын айтты.
Отырыста Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова да қатысып, Ақсақалдар кеңесімен алда атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Сондай-ақ, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысы бойынша А.Халназаров кеңес құрамына қабылданды.
Іс-шараға қала аумағындағы мемлекеттік мекемелердiң өкілдері мен этномәдени бірлестіктердiң жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын соңында қатысушылар ел бірлігін нығайту, жас ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу және ұлттық ойындарды жас буын арасында дәрiптеу бағытында бірлескен жұмыстарды жүйелi жалғастыруға уағдаласты.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent #АНК #ANK
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.