Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ: ШЫМКЕНТ ФАРМАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ: ШЫМКЕНТ ФАРМАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ

authorBy author25 июля, 2025Updated:28 июля, 2025Комментариев нет10 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетуді бақылаумен қатар, бұл саланы цифрландыру мен халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Департамент тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 14 421-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.
Мемлекеттік қызметтердің көпшілігі мамандарға сертификат беру, лицензиялау, дәрілік заттар мен биоматериалдарды тасымалдауға рұқсат беру секілді бағыттарды қамтиды. Осы көрсеткіштер медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық мекемелердің қызметін заң аясында жүргізуге деген ынтасын арттырып отырғанын айғақтайды.
Департаменттің маңызды қызметтерінің бірі — фармацевтикалық қызмет көрсетушілердің GxP халықаралық стандарттарына сәйкестігін тексеру. Шымкентте бүгінде 344 субъект, 789 объект фармацевтикалық қызметпен айналысуда. Олардың ішінде 318-і (жалпы санының 77%-ы) GxP талаптарына сай сертификаттарға ие. Бұл халыққа сапалы және қауіпсіз дәрілік заттарды ұсынуға жасалған маңызды қадам.
Тағы бір елеулі жаңашылдық — дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау жүйесінің енгізілуі. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде өндірілген дәрілерге міндетті таңбалау тәртібі енгізілді. Бұл жүйе дәрілік заттардың заңды айналымын бақылауға, тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғауға және әрбір қаптаманың қозғалысын өндірушіден пациентке дейін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Шымкентте бұл процеске 2 отандық өндіруші, 33 көтерме ұйым және 589 бөлшек сауда нысаны қатысуда.
Департамент өз қызметін халыққа ашық әрі қолжетімді етуге ұмтылуда. Азаматтар денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарымен ресми сайт, әлеуметтік желілер, телефон байланысы арқылы немесе жеке қабылдауға жазылып, кеңес ала алады.
Цифрландыру, халықаралық стандарттарды енгізу және бақылау құралдарының жетілдірілуі – бұл Шымкент қаласының фармацевтикалық инфрақұрылымының жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.