Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

authorBy author17 июля, 2025Updated:28 июля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру әрі іске асыру – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі. Бұл шаралар еңбек ресурстарын кәсіби оқыту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, еңбек дағдыларын үйрету немесе сақтау арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы Қазақстан бойынша мұндай қолдау шараларымен 277 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған болса, оның ішінде 200 мыңға жуығы бірінші жартыжылдықтың өзінде тартылып үлгерді.

 

Аталған көрсеткіштің ішінде Шымкент қаласы да белсенділік танытып отыр. Жыл басынан бері шаһарда 15 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамту бағдарламасына қатысып, түрлі қолдау түрлерін алды. Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарымен еліміз бойынша 48 мың адам қамтылса, олардың бір бөлігі Шымкентте де жүзеге асырылды. Білім беру ұйымдарында, жұмыс берушінің базасында және онлайн оқыту арқылы еңбек нарығына қажетті дағдыларды меңгерген азаматтардың бірқатары қазіргі уақытта тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы аясында 30 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік негіздерін оқып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша да Шымкент көш бастап тұрған қалалардың бірі. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 4 200 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар берілді. Қаржы құрал-саймандар, жабдықтар, үй-жай жалдау мен жануарлар сатып алу сияқты нақты қажеттіліктерге бағытталды. Еліміз бойынша жыл соңына дейін тағы 9 мың грант беру жоспарланып жатыр.

 

Субсидияланатын жұмыс орындарына жалпы 167 мың адамды орналастыру көзделсе, оның 114 мыңы жыл басынан бері жұмыспен қамтылды. Бұл қатарда ақылы қоғамдық жұмыстарға 81 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына осал топтағы 10 мыңнан астам азамат, жастар тәжірибесіне 8 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 1,5 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 69, ал «Күміс жас» жобасына 13 мың адам тартылған. Шымкент қаласында бұл көрсеткіштердің әр бағыты бойынша нақты нәтижелер бар.

 

Жалпы, еңбек нарығын тұрақтандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта Шымкент қаласы да белсенді жұмыс жүргізіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға нақты үлес қосуда.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.