Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: ШЫМКЕНТТЕ ТҮРЛІ ФОРМАТТА ІС ШАРАЛАР ӨТЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ: ШЫМКЕНТТЕ ТҮРЛІ ФОРМАТТА ІС ШАРАЛАР ӨТЕДІ

authorBy author28 июля, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын өңірлік жоспар жүзеге асырылуда. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мәдени бағыттағы және жастар бастамаларына, сондай-ақ белсенді ақпараттық сүйемелдеуге басымдық беріліп отыр.

Мерекелік іс-шаралар 1 тамызда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесі мүшелерінің Ашық есік күнінен басталады. 6-29 тамыз аралығында құқық қорғау органдары өкілдерінің, жастардың, білім беру ұйымдары мен мәдениет-өнер мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар жоспарланып отыр. Ал кітапханаларда танымдық сағаттар өткізіліп, кітап көрмелері ұсынылады.

Бұдан бөлек Отбасы қолдау және дағдарыс орталықтарында тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға арналған «TazaLike», «Менің таза аулам» акцияларын өткізу жоспары бар. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлері, Азаматтық қоғам өкілдерінің, мәдениет пен өнер қызметкерлерінің құттықтау челлендждері әлеуметтік желілерде жарияланып, телеарналарда мерекелік бейнематериалдар ұсынылатын болады.

«Қызғалдақ» сарайында мерекелік салтанатты іс-шара және қаламыздың бес аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттер жоспарлануда. Мақсат – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастар арасында патриотизмді дамыту.

Жиын қорытындысымен жауаптыларға маңызды мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.