Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

authorBy author23 июля, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала бойынша ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараға қала тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысты. Әр ауданда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көше бойлары таза күйге келтірілді.

Еңбекші ауданында да бұл акциядан тыс қалмады. Түркістан көшесінің бойында арнайы техника арқылы тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған шөптер мен күл-қоқыстар толықтай шығарылып, көше бойындағы ағаш өсінділері кесіліп, ретке келтірілді.

Аудан әкімдігі тек көше тазалығына ғана емес, сонымен қатар балалар алаңшаларының жағдайына да назар аударды. Алаңшалардағы сынған әткеншектер мен ойын құралдары жөнделіп, бояу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың демалыс орындарын жақсарту мақсатында атқарылды.

Еңбекші ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, бүгінгі шараға аудан тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері мен әкімдік қызметкерлері белсенді қатысқан. Барлығы оннан астам арнайы техника жұмылдырылып, бір күн ішінде елеулі жұмыстар атқарылды. Қуаныш Айдапкелов, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы:

«Тазалық — бәрімізге ортақ іс. Бүгінгі шараға аудан тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері мен әкімдік қызметкерлері белсенді қатысты. Барлығы оннан астам арнайы техника жұмылдырылып, бір күн ішінде елеулі жұмыс атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады», — деді.

Аталған экологиялық акциялар тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындар арасында азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Ал тазалық шаралары Еңбекші ауданында тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.