Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚАЛАДАҒЫ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН БІРЛЕСІП ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚАЛАДАҒЫ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН БІРЛЕСІП ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

authorBy author20 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес тек полицияның күшімен емес, кешенді әдіспен жүргізілуде. Биылғы жарты жылда жаңадан ашылған бөлімдер 728 жәбірленушіні жеке қабылдап, олардың проблемаларын тыңдады. Қауіптілігі жоғары деп танылған 68 агрессор анықталып, олардың 48-і өз еркімен психологиялық көмек алды. Жалпы 68 адамға көмек көрсетілді, оның ішінде 15-і арнайы әлеуметтік, 53-і құқықтық көмекке жүгінді.
Қаладағы 4 дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс жолға қойылған. 712 әйел орталыққа жүгініп, оның 135-і және 278 бала уақытша орналастырылды. Полиция тарапынан 31 әйел мен 56 бала осы орталықтарға жеткізілген. Бұл орталықтарда 338 әлеуметтік, 1986 психологиялық, 867 құқықтық және 707 консультациялық қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, «Бақытты жанұя» орталығында 227 отбасыға құқықтық кеңес берілді.
Қала аумағында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да ауқымды түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның талаптарын насихаттау мақсатында 565 жарияланым жасалды: интернетте – 519, баспасөзде – 14, теледидарда – 15, радио мен ақпарат агенттіктерінде де жарияланымдар шықты. Ашық есік күндері өткізіліп, тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Білім беру мекемелерінде де алдын алу бағытындағы шаралар қолға алынған. Абай Құнанбаев атындағы мектеп пен №85 мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу алгоритмі туралы дәрістер өткізілді. Жастар ресурстық орталығында психолог мамандардың қатысуымен «Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2025 жылы сәуір-маусым айларында өткен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында 370 жарияланым жарияланып, 81 іс-шара өткізілді. Іс-шаралар қатарында лекциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер және конференциялар болды. Қарағандыдан басталған челендж-флешмобты Шымкент жалғастырып, кейін Қызылорда облысына жолдады. Бұл акция республикалық деңгейде жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленді.
Бұдан бөлек, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, Прокуратура, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту, Спорт және Білім басқармаларының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып, тоқсан сайын өзекті мәселелерді талқылайтын жиындар өткізуде. Барлық бағыттағы жұмыс бақылауда ұсталып, жүйелі түрде жалғасып келеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.