Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 

authorBy author18 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
2025 жылдың алғашқы алты айында Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық салада 3903 шақырту тіркеліп, 3316 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2998 қорғау нұсқамасы беріліп, 406 құқық бұзушыға мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Қорғау нұсқамасын бұзған 198 адам мен сот белгілеген шектеулерді орындамаған 134 адамға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзған 217 адамға айыппұл салынып, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 2266 адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 113 адам маскүнемдік пен нашақорлық бойынша мәжбүрлі емдеуге жіберілді.
Қалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 262 жасөспірім және тұрғын үйден тыс жүрген 5693 жасөспірім анықталды. 155 мекеме балалардың заңды өкілінсіз сағат 22:00-ден кейін жүруіне жол бергені үшін жауапқа тартылды. Қадағалаусыз қалған 408 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім 286 жасөспірім және 154 немқұрайлы ата-ана ІІО есебіне қойылды.
Қаңтар айынан бастап Шымкент қалалық Полиция департаменті жанынан Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімдері құрылып, қызметін бастады. Бұл бөлімшелер учаскелік полиция инспекторларымен бірге аумақты аралап, сауалнама жүргізіп, тұрмысы жайсыз отбасыларды анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Жәбірленушілермен түсіндіру кездесулері өтіп, жазбаша арыз түскен жағдайда құқық бұзушыларға заң аясында шара қолданылады. Бөлім қызметкерлері 100-ден астам мекенжайға барып, тіркеуде тұрған тұлғалардың мінез-құлқын бақылап отыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.