Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКА МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКА МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

authorBy author11 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Іс-шара аясында материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған ведомстволық бағдарлама шеңберінде өңірге бұрын-соңды болмаған көлемде өрт сөндіру және құтқару техникалары жеткізілді. Бұл – еліміздің оңтүстік өңіріндегі азаматтық қорғау саласының техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков азаматтық қорғау жүйесін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының одан әрі жалғасатынын атап өтті:
– Бұл бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту – басты мақсаттардың бірі. Соңғы жылдары материалдық-техникалық базамыз жаңартылып, жаңа өрт сөндіру деполары ашылды. Бүгін өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, адал еңбек етіп жүрген азаматтарға пәтер кілттері мен нысанды киім-кешек табысталып отыр. Бұл – олардың еңбегінің лайықты бағалануы, – деді қала басшысы.
Өз сөзінде ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жаңа техниканың халыққа қалтқысыз қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты рәсім барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 38 бірлік өрт сөндіру техникасы және республикалық бюджет есебінен 5 арнайы автокөлік табысталды. Бұл техника апатты жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге және өрт сөндіру жұмыстарын тиімді жүргізуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар, “Қамқор” бағдарламасы аясында ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкеріне жаңа пәтер кілттері табысталды. Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен қызметкерлерге жаңа нысанды киім-кешектер берілді.Министрлік пен жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау – азаматтық қорғау жүйесінің дамуына қосылған маңызды үлес.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.