Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

authorBy author18 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынастардың аясында Шымкент қаласы мен Қытайдың көне әрі ірі қалаларының бірі — Сиань арасындағы туристік ынтымақтастық жаңа қарқын алуда. Бұл серіктестіктің нақты қадамы – «Шымкент – Сиань» бағытындағы жаңа тікелей халықаралық әуе рейсінің іске қосылуы болды.
Осы маңызды оқиғаға орай Сиань қаласында бірқатар ресми және іскерлік іс-шаралар өтті. Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шаралар барысында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, туристік сала мамандары, туроператорлар мен бизнес қауымдастығының мүшелері қатысты.
Қалалық делегация Сиань қаласының туризм саласындағы іскер топтарымен B2B форматындағы мазмұнды кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында екіжақты туристік бағыттарды дамыту, туристік өнімдерді алмастыру, бірлескен жарнама жобаларын іске асыру және тікелей байланыс орнату мәселелері қарастырылды.
CITS (China International Travel Service) Сиань бөлімшесімен өткен кездесуде тараптар туризм саласында өзара тәжірибе алмасуға, Қытай туристерін Қазақстанға, нақты айтқанда Шымкентке тартуға бағытталған жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік танытты. Шымкенттің табиғи, тарихи-мәдени және гастрономиялық нысандары ерекше қызығушылық тудырды.
Сондай-ақ Сиань қаласының Сыртқы байланыстар, Мәдениет және туризм басқармаларының, сондай-ақ Shaanxi China Travel Service компаниясының қатысуымен өткен келіссөздерде Шымкент пен Сиань арасындағы туристік ағым көлемін ұлғайту жолдары талқыланды. Қытайлық туроператорлар Шымкент бағытын өз маршруттарына енгізуге ниетті екенін білдірді.
Жиын аясында ерекше ұсыныстардың бірі ретінде Сиань–Алматы бағытындағы халықаралық туристік пойызды Ұлы Жібек жолы маршрутымен Шымкент арқылы өткізу бастамасы көтерілді. Бұл идея екі ел арасындағы тарихи байланыстарды жаңғыртып, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруға жол ашады.
Жалпы, бұл сапар – Шымкент қаласының халықаралық деңгейдегі туристік серіктестік мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызды стратегиялық қадамдардың бірі. Тікелей әуе рейстері мен іскерлік байланыстардың артуы қаланың инвестициялық тартымдылығын да еселей түспек.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.