Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ЖАСТАРДЫ КӘСІБИ БАҒЫТТА ДАЯРЛАУ – СЕНАТОРЛАР ПІКІР БІЛДІРДІ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ЖАСТАРДЫ КӘСІБИ БАҒЫТТА ДАЯРЛАУ – СЕНАТОРЛАР ПІКІР БІЛДІРДІ»

authorBy author17 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, жергілікті білім беру саласымен танысты. Бұл сапар Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеуге, жастардың техникалық және кәсіптік білім алу мәселелерін талқылауға арналды.
Сенаторлар қалалық мәслихатта Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамымен кездесіп, өткен жылдың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарларды сараптады. Кездесу барысында халыққа ақпараттық қызмет көрсету, заңнамалық қолдаулар, Мемлекет басшысының реформаларын өңірде жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық даму, өзін-өзі жұмыспен қамту, цифрландыру мен еңбек нарығына бейімделу тақырыптары кеңінен талқыланды.
Сенаторлар сондай-ақ Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне арнайы барып, оқу орнының жұмысымен танысты. Колледж жұмысшы мамандықтарын даярлау бойынша өңірде жетекші оқу орны болып саналады. Бұл оқу орнында студенттер шетелдік және отандық бәсекелерде жоғары жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби жарыстарда жүлделі орындармен марапатталуда.
«Жұмысшы мамандықтары жылы – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерген жастарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Қазіргі таңда цифрландыру мен жасанды интеллект өміріміздің барлық саласына еніп, көптеген дәстүрлі мамандықтардың жойылуына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты жастарымызды жаңа заман талаптарына сай бейімдеуге ерекше назар аударылуы қажет», – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.