Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ЛИФТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ЛИФТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

authorBy author16 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет14 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында халықаралық деңгейдегі өнеркәсіптік инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өндірістік компанияларының бірі — “CANNY Elevator Co Ltd” өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Шымкентте заманауи лифт шығаратын зауыт салу туралы инвестициялық бастаманы талқылады.
Аталған жобаның жалпы инвестиция көлемі 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоспар бойынша зауыт жылына 1000 дана лифт өндіріп, Қазақстан мен Орта Азия нарығына өнім жеткізуді көздейді. Алғашқы кезеңде 30 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Болашақта өндірістік қуат артып, жаңа технологиялар енгізілген сайын бұл көрсеткіш ұлғаюы мүмкін.
Кездесу барысында қаланың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен қолайлы бизнес-ахуалы да сөз болды. Шымкенттің тиімді географиялық орналасуы, индустриалды аймақтардың дайын инфрақұрылымы және теміржол, автожол мен әуе қатынасына ыңғайлы логистикалық мүмкіндіктер шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр. Қала басшысы инвесторларға әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
“CANNY Elevator Co Ltd” – халықаралық нарықта өзіндік орны бар, инновациялық инженерлік шешімдерге және қауіпсіздік стандарттарына басымдық беретін ірі өндіруші. Компания өнімдері бүгінде Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка елдері және Еуропа, Таяу Шығыс нарықтарына экспортталып келеді. Олар лифт, эскалатор және басқа да көтергіш жүйелерді өндіруде үздік технологияларды пайдаланады.
Осы жобаның Шымкент қаласында жүзеге асуы бірнеше маңызды нәтижелерге әкелмек: біріншіден, бұл қаладағы индустриалды даму қарқынын күшейтеді; екіншіден, жоғары технологиялы жұмыс орындарын ашады; үшіншіден, қаланың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық өнімнің үлесі артып, Қазақстанның лифт жабдықтары бойынша импортқа тәуелділігі біртіндеп азая түспек.
Бұдан бөлек, жоба аясында отандық мамандарды оқыту, шетелдік тәжірибені енгізу және жергілікті өндіріс мәдениетін дамыту жұмыстары да жүргізілмек. Бұл өз кезегінде қала экономикасына қосымша серпін берері анық.
Шымкент әкімдігі мен “CANNY Elevator” арасындағы ынтымақтастық қалаға жаңа инвестициялар тартудың, технологияны трансферттеудің және индустриялық-инновациялық әлеуетті күшейтудің нақты мысалына айналмақ.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.