Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Сенат депутаты мәдениет қызметкерлерімен ашық диалог өткізді
ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат депутаты мәдениет қызметкерлерімен ашық диалог өткізді

authorBy author15 июля, 2025Updated:21 июля, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл басқосу сала мамандарының өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін ашық айтуына мүмкіндік берді.
Кездесу барысында сенатор Мәдениет туралы заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды. Атап айтқанда, заңнамаға алғаш рет «мәдениет ұйымы» және «мәдениет қызметкері» ұғымдары енгізілді. Бұрын тек ауызекі қолданылып келген бұл атаулар енді нақты заңдық негізге ие болды. Бұл түзетулер мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін арттырып, олардың біліктілігін жүйелі түрде жетілдіруге жол ашады.
Айгүл Жарылқасынқызы Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласын жаңғырту мен креативті индустрияны дамыту бағытында бірқатар жаңа нормалар қабылданғанын атап өтті. Бұдан былай театрлар, музейлер, мәдениет үйлері ішкі ұйымдастыру тәртібі, көркемдік кеңестер мен басқару құрылымына қатысты нақты ережелермен жұмыс істейді. Мәдени ескерткіштерді орнату мен сақтау тәртібі жергілікті мәслихаттардың құзыретіне беріліп отыр.
Сенатор сала қызметкерлерін толғандырып отырған шешілмеген түйткілдерге де тоқталды. Театр және БҒМ-ге қарасты кітапхана қызметкерлерінің төмен жалақысы аттестациядан өтуге кедергі келтіріп, олардың кәсіби өсуіне тосқауыл болып отыр. Бұл мәселе де Сенат деңгейінде қарастырылып, бақылауда ұсталатыны айтылды.
Ашық форматта өткен кездесуде мәдениет қызметкерлері депутатпен еркін пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді. Қазіргі таңда Сенат қабырғасында мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, шығармашыл жастарды қолдау және сала мамандарының әлеуметтік мәртебесін көтеру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.