Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

authorBy author13 июля, 2025Updated:20 июля, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкенттегі Qyzgaldaq сарайында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында өңірлік деңгейдегі форум өтті. Іс-шара Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам мен мемлекеттік сектор арасындағы серіктестікті дамыту, өзара байланысты нығайту және қоғамдық бастамаларды қолдау. Шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырды.

Форумға үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелерімен қатар, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Олар қаланың тұрақты дамуына азаматтық сектордың ықпалын, ҮЕҰ қызметінің тиімділігін және азаматтардың қоғамдық өмірге белсене араласу жолдарын ортаға салды.

Биылғы бағдарлама мазмұн мен ұйымдастыру тұрғысынан кеңейіп, бірнеше панельдік отырысты қамтыды. Форумның пленарлық отырысында әлеуметтік әріптестік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығы, жастар ресурстық орталықтарының әлеуеті, цифрландыру үдерісі мен қоғамдық бақылау механизмдері талқыланды. Сонымен қатар, ашық пікірталастар, табысты жобалар таныстырылымы және «ҮЕҰ өмірі — бір сәт бейнеде» атты фотокөрме көпшіліктің назарына ұсынылды.

Екі жылда бір өтетін өңірлік форум азаматтық сектордың бүгінгі ахуалын ғана емес, болашақтағы даму бағдарын айқындауға негіз болды. Әсіресе, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының өңірлік деңгейде қалай жүзеге асып жатқанына баса назар аударылды.

Ұйымдастырушылар қатысушы тараптарға алғыс айтып, азаматтық белсенділік пен қоғамға қызмет етудің ортақ мүдде жолындағы маңызын атап өтті. Шара қорытындысы Шымкенттің инклюзивті әрі тұрақты дамуына серпін береді деп күтілуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.