Түркістан – тек тарих пен туризм ғана емес, руханияттың да ордасы. Қазір шаһарымызда 500 орындық көрермен залы бар заманауи жаңа мәдениет үйінің құрылысы 90% аяқталып, жақында пайдалануға берілмек.
Бүгін құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен таныстым. Мердігер мекеме өкілдерімен бірге аралап, сапаға аса мән беріп, қауіпсіздік пен техникалық талаптар бойынша кемшіліктерді түзетуді тапсырдым.
Бұл мәдениет үйі – ертеңгі ұрпақтың өнерге қадам басатын алтын көпірі болмақ. Жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз таланттарын шыңдап, халықпен етене байланыс орнататын рухани орталыққа айналады деген үміттеміз.

