Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДА «ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН ӘЗ — ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА «ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН ӘЗ — ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

authorBy author19 июня, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында дәстүрлі өнерді насихаттауға арналған «Дәстүрін дәріптеген Әз — Түркістан» атты әнші, жыршы-термешілер мен күйшілердің өнер фестивалі өтті.

Шара Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» Заңының аясында және Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – Түркістан қаласының тарихи, мәдени, рухани келбетін таныту, өңірден шыққан өнер иелері мен елге еңбегі сіңген тұлғалардың шығармашылығын насихаттау, халықтар достығы мен саяси тұрақтылықты дәріптеу, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамдарының бейнесін жырға қосып, жас ұрпақты ұлттық тәрбие мен рухани мұраға баулу.

Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихан төрағасы Ғаппар Амантайұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы айтып,  өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Фестивалге Қазақстанның халық әртістері мен дәстүрлі өнердің дарабоз өкілдері қатысты. Олардың қатарында дәстүрлі ән өнерінің майталмандары Рамазан Стамғазы мен Айгүл Қосанова, жыршылық өнердің өкілдері Жакен Омаров, Күнсұлу Түрікпен, Марат Сүгірбай, Аязбек Рустамов және Руслан Ахынбеков, сондай-ақ терме мен ән жанрын шебер меңгерген Оразәлі Жаңабай, Мұхамедәлі Бекпейісов, Әлімжан Серікбаев сынды өнерпаздар бар. Сонымен қатар, күй өнерінің өкілдері — дәулескер күйшілер Шыңғыс Исаев пен Жандос Кулумбетов өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл рухани шара көрермендерге терең әсер қалдырып, ұлттық өнерге деген құрметті арттырды. Түркістан төрінде өткен бұл өнер мерекесі — халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды әрі тағдырлы басқосу болды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.