Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » КӘСІБИ МІНДЕТІМЕН ҚАТАР, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДЕ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАН
ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІБИ МІНДЕТІМЕН ҚАТАР, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДЕ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАН

authorBy author28 мая, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы білім беру саласының дамуына айрықша еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, қоғам қайраткері Өмір Шыныбекұлы – педагогика мен қоғамдық сана жаңғыруының өзара тоғысқан тұсында дараланған азамат.

Ұстаздық жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған оның тәлімін көрген түлектер бүгінде елдің әр саласында табысты еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосып келеді. Ұстаздың осы қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ол 2017 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2019 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. Ал 2022 жылы еліміздегі ең үздік педагогтардың бірі ретінде «Қазақстанның үздік мұғалімі» атағына ие болды.

Өмір Шыныбекұлының қызметі тек білім берумен шектелмейді. Ол – туған өлкенің тарихын терең зерттеп, ғылыми-танымдық еңбектер жазған танымал өлкетанушы. Оның қаламынан туған «Ауыл тарихы – ел тарихы» (2015 ж.), «Қара шаңырақ Қарасора, құтты мекен Кеңесарық» (2018 ж.) кітаптары мен 2016 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Екінші дүниежүзілік соғыстың ашылмаған құпиялары: кеңестік тұтқындардың қилы тағдыры. 102-дивизия» атты деректі фильмі – соның айқын дәлелі.

Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасына енгізілген «Өлкетану» («Краеведение») оқулығының (2018 ж.) авторы ретінде де оның еңбегі ерекше. Сонымен қатар, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған, бүгінде Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өтетін «Құнды құжат» байқауының негізін қалаған.

Өмір Шыныбекұлы – кәсіби міндетімен қатар, азаматтық белсенділікті де қатар алып жүрген жан. Білім мен тәрбие тақырыптарына арналған мақалалары арқылы қоғам назарын ұстаз беделін арттыру мәселесіне аударып, 2013 жылы Қазақстан Журналистер одағының мүшелігіне қабылданды. Ал 2015 жылы мұғалім мәртебесінің көтерілу қажеттігін алға тартып, сол кездегі Білім және ғылым министріне жолдаған ашық хаты ел ішінде кеңінен талқыланды.

2016 жылы ол республикалық «Ағартушы» қозғалысының, 2017 жылы «Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде ұстаздар қауымының құқықтық және кәсіби мәртебесін арттыру жолында бастамашыл жұмыс жүргізді. Бұл бастамалар 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның әзірленуіне негіз болды.

2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы Қоғамдық палата мүшесі ретінде заң шығару жұмыстарына қатысып, ел дамуына қатысты маңызды шешімдердің қабылдануына өзіндік үлесін қосты.

Қоғамдық қызмет бағытында да белсенділік танытып жүрген Өмір Шыныбекұлы 2020–2022 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің үшінші және төртінші шақырылымдарының мүшесі ретінде қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне белсене араласып келеді.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.