Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАН, СЕНІМДІ ТӘЛІМГЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАН, СЕНІМДІ ТӘЛІМГЕР

authorBy author7 мая, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бердыбаев Мұрат Егізбайұлы 1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылдың 20 шілдесінен бері Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының №2 бекетінде жүргізуші ретінде абыройлы қызмет атқарып келеді.
Ол жедел жәрдем қызметінде 19 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қиын сәттерде бригада құрамын науқастарға барынша жылдам әрі қауіпсіз жеткізу арқылы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге зор үлес қосып келеді. Шақырту түскен бойда жедел жәрдем бригадасының уақтылы жолға шығуын қамтамасыз етіп, ең қысқа және қауіпсіз маршруттарды таңдайды.
Кәсібилік пен жауапкершілік
Мұрат Егізбайұлы жүргізуші ретінде тек көлікті басқарумен шектелмей, дәрігерлер мен фельдшерлерге науқастарды тиеуге, түсіруге, тасымалдауға, қажет болған жағдайда иммобилизация жасауға көмектеседі. Медициналық аппаратураларды тасымалдап, қосу жұмыстарын да атқарады.
Күніне 15-20 шақыртуға барып, әрбір минуттың адам өмірін сақтап қалудағы маңызын терең түсінеді. Реанимациялық іс-шаралар кезінде өкпе-жүрек компрессиясына қатысып, бригада жұмысына қолдау көрсетеді.
Мұрат Егізбайұлы – жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәжірибелі тәлімгер. Ол жас жүргізушілерге өз тәжірибесін бөлісіп, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға көмектесіп келеді. Сондай-ақ, өз біліктілігін үнемі арттырып, «Жедел жәрдем көлігінде қауіпсіз көлік жүргізу техникасы» бойынша арнайы курстардан өтеді.
Әріптестері мен науқастарға құрмет көрсетіп, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын Мұрат Егізбайұлы – медициналық жедел жәрдем қызметінде адал еңбегімен, жауапкершілігімен және жанашырлығымен ерекшеленетін ардақты маман. Оның еңбегі – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ізгі жол!

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.