Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «АБАЙ АУДАНЫ СЕРПІН АЛДЫ: СУ МЕН ЖАРЫҚ 100 %, ГАЗ 93 %, 2025 КЕ ДЕЙІН БАРЛЫҚ ЖОЛ МЕН КӨШЕ ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«АБАЙ АУДАНЫ СЕРПІН АЛДЫ: СУ МЕН ЖАРЫҚ 100 %, ГАЗ 93 %, 2025 КЕ ДЕЙІН БАРЛЫҚ ЖОЛ МЕН КӨШЕ ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ»

authorBy author5 мая, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай ауданында қазіргі таңда 27 елді мекен бар, олардың ішінде жалпы саны 55 159 тұрғын үй мен 220 көпқабатты үй орналасқан. Аудандағы халық саны 257,7 мың адамды құрайды. Аудан көлемінде 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан тіркелген. Ауданды инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, көптеген оң көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, аудан халқы 100% ауыз су және электр жарығымен қамтамасыз етілген. Бұл аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 25 елді мекен газбен қамтылған, бұл көрсеткіш 92,6%-ды құрайды. 2024 жылы Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Қайнарбұлақ саяжайында газдандыру құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу кезеңі басталды. Осылайша, газбен қамтылмаған елді мекендер саны екі ғана елді мекенді құрайды, бұл 7,4%-ды құрайды. Бұдан бөлек, Ынтымақ-2 және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендерінде газбен қамту жұмыстары аяқталып, қала әкімінің қатысуымен газға қосу рәсімдері өткізілді, абоненттеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Аудан аумағындағы көше инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Аудан бойынша жалпы саны 1274 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайды. 2024 жылға арналған бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлініп, 95 көшеде 77 шақырым асфальт жол төселді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, 2025 жылға дейін тас және топырақ жолдардың барлығын асфальттау жоспарланып отыр. Бұл шаралар 311 шақырым немесе 469 көшені қамтиды. Аталған жұмыстар толық аяқталған жағдайда, аудан бойынша қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесі қазіргі 59,8%-дан 100%-ға дейін жетеді.

Сонымен қатар, аудан көшелерін жарықтандыру жұмыстары да жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылға дейін 193 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш 15,1%-ды құрады. Биыл 254 көше жарықтандырылып, жалпы жарықтандырылған көшелер саны 447-ге жетті. Осылайша, жарықтандыру көрсеткіші 35,1%-ға артты. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, 2025 жылға дейін жарықтандырылмаған барлық көшелерге жарықшамдар орнатылып, бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізіледі.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне негізделген 25 жоба іске асырылуда. Бұл жобаларға 1 миллиард 990 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта жобалар шеңберінде 16 ойын алаңы, 3 спорт алаңы, 5 гүлзар мен 50 көшеге 34 мың шаршы метр аяқ жол салынуда.

Сонымен қатар, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын арттыру мақсатында 5 жаңа демалыс аймағын салу жоспарлануда. Бұл аймақтар: Достық шағын ауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелері, Қызылжар шағын ауданындағы Тоқбәйге көшесі, Нұршуақ шағын ауданындағы Миялы көшесі және Асар-2 шағын ауданындағы Нұр жол көшесі. Бұдан бөлек, «Асар» шағын ауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзарды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа 285 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қаланың көркін арттыру мақсатында Темірлан тас жолы бойындағы 410 жарық шамының бағаналарына қосымша сәндік жарықтар орнату жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.