Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕҢБЕГІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ЖАН
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕҢБЕГІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ЖАН

authorBy author2 мая, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Еңбек адамының қадірі – оның төзімі мен жауапкершілігінде, маңдай терімен тапқан адал еңбегінде. Олар қандай салада болмасын өз ісінің білгірі атанып, елдің әл-ауқатын арттыруға, қоғамның алға басуына күш салады.
Ондай жандар елімізде мыңдап саналады. Солардың бірі ретінде Имашев Болысбек Тұрсынбекұлын айтуға болады.
Имашев Болысбек 1963 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында қарапайым, еңбекқор отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап, ол еңбекқорлық пен жауапкершілікке үйреніп, кез келген істі адал әрі мұқият атқаруға дағдыланды.

Болысбек Тұрсынбекұлының білімге деген құштарлығы оның өмірлік жолын айқындады. 1969-1977 жылдары Сайрам ауданындағы мектепте білім алып, алғашқы еңбек машықтарын сол кезден бастап үйренді. Жас кезінен техникалық салаларға қызығушылығы басым болды.

Осы қызығушылығы оны 1977-1980 жылдары СПТУ-146 училищесіне «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша білім алуға жетеледі. Бірақ Болысбек Тұрсынбекұлы мұнымен тоқтап қалған жоқ, 1980-1983 жылдары совхоз техникумында «Электрик» мамандығын меңгеріп, өз білімін тереңдетті.

Ол 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ол «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының құрамына кіретін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№2 қалалық ауруханада» жүргізуші болып қызмет атқарады. Бұл қызмет сырт көзге қарапайым көрінгенімен, аса жауапкершілікті талап етеді.

Медицина саласында жүргізуші болу – тек көлік жүргізу емес, науқастарды уақытылы тасымалдау, шұғыл шақыртуларға жылдам әрекет ету, дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Болысбек Тұрсынбекұлы осындай жауапты қызметті абыроймен атқарып келеді.

Бүгінгі күні біз қоғамда түрлі мамандық иелерінің еңбегін дәріптеп, олардың ерен еңбегін бағалауымыз қажет. Дала төсінде егін еккен диқан да, өндіріс орнында жұмыс істейтін зауыт жұмысшысы да, мектепте білім беретін ұстаз да – бәрі де еңбек адамының жарқын бейнесі. Олардың әр күні – қажырлы еңбек пен адал ниеттің көрінісі.
Болысбек Тұрсынбекұлы да қарапайым жүргізуші болғанымен, оның еңбегі дәрігерлердің, науқастардың, тұтас денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп отыр.
Оның қажырлы еңбегі, адалдығы мен жауапкершілігі – жастарға үлгі.
#ЖұмысшыМамандықтарыЖылы
#ЛайықтыЕңбек
#ЕңбекАдамы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.