Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІС ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАНДАРДЫҢ ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІС ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАНДАРДЫҢ ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

authorBy author24 апреля, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай барлық жерде жеңіс үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіліп, олардың ерлігін дәріптеуге арналған шаралар өтуде. Солардың бірі ерлікті еске алу, жастар санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды шара Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің «Ерлік» бөлімі өткізді.

Бүгінде «Ерлік» бөлімінде Ұлы Отан соғысына қатысты 5000-нан астам жәдігер сақталған. Олардың қатарында жауынгерлердің тұтынған заттары, әскери киімдері, майданнан елге жазылған хаттар, орден-медальдар мен сирек құжаттар бар. Бұл жәдігерлер – сол бір қайғылы да қаһарман кезеңнің тірі куәсі ретінде сақтаулы.

Тағылымы мол шарада Ұлы Отан соғысы ардагері Асанов Қалмырзаның ұлы — ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР Журналистер одағының мүшесі, композитор Асанов Айжігіт Қалмырзаұлы мен ардагер Кәрібаев Баймаханның қызы Айымхан Баймаханқызы сөз сөйледі. Олар ел мен жер үшін жанын қиған әкелерінің ерлігі туралы әсерлі естеліктер айтып, жастарды елге қызмет етуге шақырды.

№138 жалпы орта мектебінің оқушылары патриоттық өлеңдерін оқып, әскери оркестр сүйемелдеуімен ән орындап, жиналғандардың ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, «Ерлік» бөлімінің меңгерушісі Гүлзинат Джақсыбекова, кіші ғылыми қызметкер Айгүл Бердікұлова және «Семей – сынақ ядролық» полигоны қоғамдық бірлестігінің ардагерлері соңында Еңбекші аудандық әкімдігінің атынан аудан әкімі Д. Есілбектің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ал іс-шара соңында «Семей – сынақ ядролық» полигоны ҚБ төрағасы Дәулбаев Қалжан Қалдыбайұлы бастаған ардагерлер қауымы ҰОС боздақтарының рухына арнап құран бағыштап, еске алу дастарханын жайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.