Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды

authorBy author22 апреля, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Астанада «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқау ұлттық өнерді ұлықтап, жас таланттарды анықтап, төл өнерді дәріптеуге бағытталған. Өнер додасына 6 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткерден өтінім қабылданды.

Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың бейнематериалдары іріктеліп, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды.

Үміткерлер қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Қазылар шешімімен әр номинация бойынша жүзден жүйрік шыққан жастар Гала-концерт аясында марапатталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

«Домбыра» номинациясы бойынша 1 орынды Айшолпан Қасымова жеңіп алса, 2орынды Ақбөкен Темір, ал 3 орынды Мейірбек Әзімбаев  иеленді. Орындаушылық шеберлігі үшін Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы диплом Нұрдәулет Сағатбекке табысталды.

«Қобыз» номинациясы бойынша 1 орынды Айгерим Ахметжанова, 2орынды Анарбек Мырзабай, 3 орынды Жалғас Нұрашев жеңіп алды.

«Сыбызғы»номинациясында 1 орынды Аслан Гумаров иеленсе, 2 орын Асқат Сағатқа, 3 орын Ерлан Садуға берілді.

«Шертер»номинациясы бойынша  Уали Мұратқазин – 1 орын, Ерік Шамшиден 2 орын, Тұрар Жарылхапов 3 орынды иеленді.

Сонымен қатар халық күйлерін шебер орындағаны үшін Жарқын Шәкәрім атындағы арнайы дипломды Арон Жұбанғалиев жеңіп алды.

«Жетіген» номинациясы бойынша 1 орынды Әйгерім Караменова, 2орынды Данагүл Гинаятова, 3 орынды Акжүніс Мырзагелдина жеңіп алды.

Ал халық әндерін жетіген аспабына шебер өңдегені үшін Болат Сарыбаев атындағы арнайы диплом  Назерке Темірбековаға табысталды.

«Прима қобыз» номинациясында Ажар Хуан – 1 орын, Гүлдара Нариман – 2 орын, Алина Ауесхан  – 3 иеленді. Меруерт Кәленбаева атындағы арнайы диплом Нұрайлым Әбдіге бұйырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.