Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

authorBy author11 апреля, 2025Updated:14 апреля, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына арнайы барып, халықпен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы ауданның инвестициялық әлеуетін көтеру керектігін айтты.
📌– Бүгін Қасиетті Қаратау етегінде орналасқан, тарих пен тағылым тоғысқан Бәйдібек өлкесінде сіздермен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы алға қойған міндеттерді орындау үшін баршамыз жұмыла еңбек етіп, халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуымыз қажет. Бәйдібек ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсемм, былтыр ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Бәйдібек ауданында 10 елді мекенде құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба қолға алынды. Оның ішінде 4 жоба биылғы жылға өтпелі. Нәтижесінде 2 елді мекендегі 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 көшенің құрылысы биылғы маусым айында пайдалануға беріледі. Алғабас, Тайманов, Жоғарғы Боралдай, Теректі елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Екі спорт кешені мен бір Мәдениет үйі биыл елге есігін ашады. Ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 13 пайызға өссе, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға өскен. Біз өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы белсенді жұмысты жалғастырамыз, – деген Нұралхан Көшеров аудан әкімі мен басқарма басшыларына бірқатар мәселе бойынша тапсырмалар берді.
✔️2025 жылы Бәйдібек ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 6 елді мекенде құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылады. Кеңестөбе, Екпінді және Шалдар елді мекендерінде 668 млн. теңгеге 10 көшеге (12,7 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шаян елді мекенінде 300 орындық мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі.
✔️Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың есебінен кейін, тұрғындарға сөз берілді. Бәйдібектіктер облыс әкіміне өздерін мазалаған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
✔️Одан кейін облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті. Нұралхан Көшеров кездесу мен жеке қабылдауда айтылған әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.