Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді
ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді

authorBy author5 апреля, 2025Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды.
Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған.
Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді.
Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды.
Ваучерлік жүйе артықшылықтары:

Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалардан Тізімді қалыптастырады.

Екіншіден, әділдік. Ата-аналар мемлекеттік ваучер алады және оны тізімге енгізілген кез келген балабақшада қолдана алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшалардың көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына серпін болады.

Үшіншіден, сапаны бақылау. Балабақшалардың қызметін бағалауға деген жаңа көзқарас енгізілді. Білім беру сапасын енді ата-аналар бағалайды, бұл субъективтілікті жояды және қызмет сапасын арттырады. Сонымен қатар, жоба нарыққа жаңа қатысушылардың келуіне жол ашады, бұл бәсекелестікті арттырып, сапаны едәуір жақсартады.

Төртіншіден, ашықтық. Қаражат енді балаға байланысты бөлінеді. Жергілікті органдардың әр балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекітуі жойылды. Бала бір балабақшадан екіншісіне ауысқанда, ваучер де бірге ауысады.

Бесіншіден, бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану. Қаржыландыру мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың нақты баруына байланысты жүзеге асырылады, бұрынғыдай тізім бойынша емес.

Жаңа жүйенің тиімділігін пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық жоба жүзеге асырылған қалаларда кезек айтарлықтай қысқарды, ал кейбір қалаларда (Тараз, Түркістан, Орал) балабақшаға кезекте тұрған барлық балалар орналастырылды.
«Өлі жандарды», қайталанған және бірнеше балабақшада тіркелген балаларды алып тастау есебінен жобаны іске асыру басталғалы 27 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.
Осы үнемделген қаражаттың 25 млрд теңгесі бұрын кезекте тұрған балаларды орналастыруға, ал 2 млрд теңгесі жаңадан кезекке тұрған, 2 жасқа толған балаларға бағытталды.
Кездесу барысында Шымкент және Қарағанды қалаларындағы кезек мәселелері қаралды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне кәсіпкерлермен жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды, бұл кезекте тұрған балаларды қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.