Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП, 3 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП, 3 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

authorBy author2 апреля, 2025Updated:3 апреля, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр.
Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы Қапал батыр көшесінде 3 тұрғын үй салынуда. Бес қабатты тұрғын үйлерде жалпы 156 пәтер болады. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде тұрғын үйі «апатты жағдайда» деп танылған 125 отбасы мен кезекте тұрған 31 отбасы баспаналы болмақ.
Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 3 білім ұясы бой көтеруде. Нақтырақ айтқанда, Достық елді мекенінде 900 орындық, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты мектептердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жайлы мектеп ғимараттарында ішкі әрлеу, инфрақұрылым тарту, абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Нысандар тамыз айына дейін толық аяқталады деп көзделген.
Сонымен қатар аудандағы Көксәйек елді мекенінде спорт кешені салынуда. Қазіргі таңда құрылыс нысанының ішкі әрлеу, ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын тексерді. Мердігер мекеме басшыларына жұмыс барысында жоспардан ауытқу бар екенін ескертіп, жұмысшы санын көбейтуді тапсырды. Кейбір орын алған кемішіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді. Әрбір жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасы мен уақытылы аяқталуы қатаң бақылауда екенін айтты.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.