Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

authorBy author2 апреля, 2025Updated:3 апреля, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістанда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Мәжілісті партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев жүргізіп отырды.
✔️Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2024 жылдағы орындалу нәтижесі және алдағы жоспарлар талқыланды. Бұл бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөрееваның, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың баяндамалары тыңдалды.
✔️Жол картасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан мектептердің құрылыс сапасын бақылау және апатты, үш ауысымды мектептер туралы Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова баяндаса, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы аясындағы даму бағыттары жөнінде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы айтып берді.
⤵️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров фракция құрамындағы депутаттарға облысты дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
📌– Біздің алдымызда облыс тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту міндеті тұр. Өздеріңізбен бірлесіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жаңа 26 білім нысаны салынып, 337 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 55 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 30 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры жүргізіліп, қамту деңгейі 95 пайызға жетті. Былтыр табиғи газға 53 елді мекен қосылды. Сонымен қатар 1000 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағатты жағдайдағы жолдың үлесі 93,7 пайызға жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бюджет шығыстарын қайта қарау тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджетке оңтайландыру жүргізілуде. Қаржы бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелерге бағытталады. Ең алдымен біз халықты әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын жүргіземіз. Биыл жаңа 20 мектептің құрылысын аяқтап, 41 мектепті реновациядан өткізуді жоспарлап отырмыз. Қосымша жаңа 32 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылады. Орталықтандырылған ауыз суға қосылған елді мекен санын 801-ге жеткізу көзделуде. Табиғи газға қосымша 45 елді мекен қосылып, қамту деңгейін 75,3%-ға жеткіземіз. Бұдан бөлек, облыс экономикасының өсімін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, санын көбейтеміз. Биыл мақта-тоқыма кластері аясында 4 зауытты іске қосу көзделуде. Шардара ауданында крахмал-сірне зауытының құрылысы аяқталады. Осы жұмыстар нәтижесінде 4,5 мыңнан астам өңір тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады. Бар мүмкіндікті пайдаланып, аймақтың экономикасын көтеруіміз керек. Осы бағытта бірлесіп, белсене жұмыс атқаруға шақырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
⤵️Мәжілісте депутаттар жауапты басшыларға сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді көтерді.
✔️Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 2023-2027 жылдарға 136 индикатор, 542 іс-шара жоспарланған. 2023 жылдың қортындысымен орындалуы тиіс 119 тармақтың 118-і орындалып, 99,2%-ды құрады. 1 іс-шара орындалуда (0,8%). Ал 2024 жылдың қорытындысымен жоспардағы іс-шараның 116-сы орындалған. Аймақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.