Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОРМАН ТӘЛІМБАҚТАРЫН ҚҰРУ, ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРДЫ ЖЕРСІНДІРУ: ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА
Арнайы жобалар

ОРМАН ТӘЛІМБАҚТАРЫН ҚҰРУ, ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРДЫ ЖЕРСІНДІРУ: ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

authorBy author2 апреля, 2025Updated:3 апреля, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет атынан жоспарлы жұмыс жүргізуде
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, бүгінде республикада материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылуда, орман өрт сөндіру техникасы сатып алынуда, өртті ерте анықтау жүйелері енгізілуде, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кеңейтілуде, қалдықтарды кәдеге жарату жобалары жүзеге асырылуда, ал сирек кездесетін жануарлар – жолбарыстар, құландар және Пржевальский жылқылары табиғатқа қайтарылуда.
Ормандарды қорғауды күшейту және материалдық-техникалық жаңарту үшін орталық бюджеттен өртке қарсы және орман өрт сөндіру техникасын сатып алуға 5,4 млрд теңге бағытталды, жергілікті құрылымдардан 6,7 млрд теңге бөлінді. Орман өрттерін тиімді сөндіру үшін тракторлар, арнайы техника мен жабдықтар сатып алынуда.
Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі «Қазақтелекоммен» бірлесіп жүзеге асырылуда. «Жасыл аймақ» пен «Семей орманы» сияқты 24 орман шаруашылығы аумақтарын зерттеу жұмыстары басталды.
6 өңірде жаңа орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бюджет 21,2 млрд теңгені құрайды, әрбір тәлімбаққа 3,5 млрд теңгеден қаралған. Оның қуаты – 6 млн көшет. Құрылыс 2025 жылы басталады. Биоалуантүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеу басталды.
Жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – «Мерке» өңірлік паркі (86 мың га), «Арал» (471 мың га) және «Жайық орманы» (46,9 мың га) резерваттары құрылуда. Үш аумақты – Үстірт, Қаратау, Іле-Балқаш, 648 мың гектарға кеңейту жоспарлануда. 6 ЕҚТА-да бақылау өткізу пунктерін автоматтандыру және электрондық төлем жүйесі енгізілуде. Орманшыларға арналған білім беру орталығы ашылады.
2024 жылдан бері Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылып келеді. Экологиялық қозғалысқа 6 млн адам, оның ішінде 230 мың ерікті қатысты. 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылды. Экомәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, өңірлік жоспарлар мақұлданды. Экологиялық бастамалар қоғам тарапынан белсенді қолдауға ие болуда.
2 млрд түп ағаш отырғызылуда. 2021 жылдан бастап 1,145 млрд ағаш егілді. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде – 1,1 млн гектарға сексеуіл отырғызу жоспарланған.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында 238 млрд теңгеге 94 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Заманауи полигондар салу, қайта өңдеуді дамыту және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу негізгі бағыттар саналады.
Сирек кездесетін жануарларды табиғатқа қайтару жұмыстары жалғасуда. Жолбарыстар, құландар мен Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.