Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 100-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 100-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

authorBy author1 апреля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қазығұрт ауданындағы ең үлгілі ауыл – Шарбұлақ ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі мен Ораза айт мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Бұл мерекелер тек ұлттық құндылықтарды дәріптеу ғана емес, сондай-ақ ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына да негіз болды.
Мерекелік шара бағдарламасына сәйкес, Шарбұлақ ауылының тұрғындары таңғы сағат сегізден жарыс жолына шықты. Жалпы жүгіру марафонына 150-ге жуық тұрғын қатысты.
«Шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы ұстанған жарысқа қатысушылардың арасында 70 жастағы қариядан 7 жасар балаға дейін белсенділік танытып, игі бастамаға қолдау білдірді. Марафон барысында әр қатысушы өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дене шынықтырудың маңыздылығын көрсетті. Жарыстың мәре сызығын бірінші болып кескен жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай марапатталды. Жеңімпаздарға ауылдың құрметті азаматтары мен ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл шара тек дене шынықтыруды насихаттап қана қоймай, ауыл тұрғындарының бір-біріне деген құрметі мен ынтымақтастығын арттыруға да үлкен үлес қосты. Жарқын жүздер, қуанышты сәттер мен ортақ мақсатқа жету жолындағы ұжымдық күш-жігер – бәрі де ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қолдайтындығын дәлелдейді.
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы болған Шарбұлақ ауылы тек қана таза әрі әдемі ауыл болып қана қоймай, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануды жоғары деңгейде насихаттап, өңірдегі өзге ауылдарға үлгі болды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.