Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

authorBy author27 марта, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы оқу орнын жаңадан аяқтаған түлектерге мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинауға жол ашады. Шымкенттік жас маман Шынар Айтмахан осы бағдарламаның арқасында бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-да тұрақты жұмысқа орналасқан.

2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын алған тұрғын алдымен жұмыссыз ретінде тіркелген. Сол жылы қазан айында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары оған «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы өз мамандығына сай келетін жұмыс орнына жолдама берген.

– Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде радиотехника мен байланыс саласының осыншалықты қызықты екенін толық сезіне қоймадық. Алғашқы тәжірибе жинақтаған сәтте мамандық таңдауда қателеспегенімді ұқтым. Сүйікті кәсібіме қол жеткізуіме мемлекет үлкен мүмкіндік жасады. Жастарға арналған бағдарламаны әзірлеген мемлекетімізге, қолдау білдірген қала әкімдігіне алғысым шексіз, – дейді жас маман.

Шымкент қаласында 2024 жылы 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды. Оның ішінде 2 456 тұрғын «Жастар практикасы» аясында жұмыспен қамтылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.