Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

authorBy author2 января, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Мақсаты – толеранттылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар барысы және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.
✔️Кездесуге қатысушылар алдымен «Достық үйі» ғимаратын аралап көрді. Және ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.
✔️Келелі жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, мекеме қызметкерлері және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, өңірдегі белгілі журналистер, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізіп отырды.
✔️Алқалы басқосуда сөз алған Ертай Алтаев қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, БАҚ өкілдері тек ақпаратты жеткізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік саясатты қабылдауын қалыптастыратынын жеткізді.
✔️Өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев этика қағидаларын сақтау, сондай-ақ этносаралық мәселелерді жариялау мәселесінде журналистер қауымында жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
📌Сонымен қатар іс-шара барысында әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» шығармашылық байқауының таныстырылымы өтті. Аталған байқау 2025 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Президенттің «2025 жыл – «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты ұйымдастырылуда.
📌Бұл ретте, әлеуметтік желі қолданушылары үздік жазбалар бойынша «Бауырлас» атты тақырыпта бақ сынайды. Байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 25 қазан – Республика күні қарсаңында марапатталады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.