Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

authorBy author29 января, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысында халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауына алынған. Облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту мақсатында 2025 жылғы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
✔️Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өтетін мәжілісте кеңінен талқыланды. 2024 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы атқарылған жұмыстар және биылғы міндеттер, жоспарлар сараланып, тиісті индикаторлар межеленді.
✔️Мәжілісте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мен «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Абзал Казанкаповтың есептері тыңдалды.
✔️Түркістан өңірінде облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2024 жылы 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 126 988 жұмыс орындары ашылды. Ұлттық жобалар аясында 3722 жұмыс орны ашылып, жоспар 101,4 %-ға орындалған. Бос жұмыс орындарына 51951 азамат жолданып, жоспар 120,1% орындалса, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 25 116 жұмыс орны құрылған. 94 750 адамға (15 804 отбасыға) АӘК тағайындалып, төленді. АӘК алушылардың саны 62 996 адамға немесе 40%-ға төмендеді. 2024 жылы еңбекке қабілетті 23 806 АӘК алушының 19 285-і немесе 81% жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
⤵️Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
📌– Өңірімізде жаңа білім ұялары, кәсіпорындар ашылып жатыр. Осы жұмыс орындарына жергілікті тұрғындарды жолдап, әлеуметтік қолдау көрсетіп, жұмыссыздар санын азайту керек. Аймақтарда ашылатын жаңа жұмыс орындарының ашылуына бірінші кезекте сол аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары жауапты. Әр аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері жұмыспен қамту шараларына тікелей атсалысып, жұмысты жандандырулары тиіс. Осы саладағы индикаторларды сапалы атқаруды тапсырамын. Ұсыныстар, мәселелер болса, бірлесіп шешейік. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы жұмыстарды сапалы атқару да маңызды,– деді Бейсенбай Тәжібаев.
✔️Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында барлық аудан, қалалардағы ірі өндіріс орындарында 38 ашық есік күндерін өткізу жоспарланып отыр. Ашық есік күндері, қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту, жұмысшы мамандық иелерін Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шаралар атқарылады. 84 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспары бекітілді.
✔️Алқалы жиында кедейшілік деңгейін төмендету, субсидияланған жұмыспен қамтылған тұрғындардың шынайы жұмысқа баруын қамтамасыз ету, жұмыс берушілер тарапынан заңсыздықтарға жол берілмеуін қадағалау, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге лайықты құрмет көрсету және өзге де мәселелер талқыланып, тиісті міндеттер жүктелді.
📌Айта кетейік, биыл облыста Ұлттық жобалар аясында 4074 адамды еңбекпен қамту, бос жұмыс орындарына 57 221 адамды жолдау, субсидияланатын уақытша жұмыс орындары арқылы 45 086 азаматты жұмыспен қамту жоспарланды. 1793 азаматты жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант қаражатымен қамту межеленді. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасы негізінде 22 595 жұмыс орындарын ашу міндеті айқындалған.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.