Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

authorBy author10 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысындағы ауылдар мен елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл мәселелерді тұрақты бақылауына алған.
✔️Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков Ж.Ералиев ауылдық округінің Үтіртөбе елді мекенінде қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ауыз су ұңғымасының жұмысымен танысты.
✔️Ауыл тұрғындарын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті қазынадан қаралған 60 млн. теңгеге биылғы жылдың қаңтар айында басталған жұмыстарды мамыр айында аяқтап, ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар аяқталған соң 366 түтіні бар Үтіртөбе елді мекенінің 1832 тұрғыны тұщы су пайдаланатын болады. Бүгінде мердігер мекеме нысанның жобалық-сметалық құжаттамасында белгіленген 500 метр тереңдікті бұрғылап, тағы 200 метрді өз есептерінен қазып жатыр.
✔️Аудан басшысы мен халық қалаулылары нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, атқарылған жұмыстардың сапасын тексерді. Жаңадан орнатылып жатқан «Мембрана» құрылғысының мүмкіндіктері мен жарамдылық мерзімін сөз етті.
✔️Айта кетейік, бүгінде аудандағы қала, кент, ауылдық округтерге қарасты 105 елді мекен толығымен орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылып, 1197 шақырым ауыз су құбырларының 81,5 пайызы, 83 дана ауыз су ұңғысы, 85 дана ауыз су мұнарасы, 24 су сақтағыш, санитарлық қорғау аймақтары қанағаттанарлық жағдайда жұмыс істеп тұр.
✔️Сонымен қатар елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанның, нақтырақ айтар болсақ, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.