Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛЕДІ

authorBy author17 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар баяндалып, қыс мезгілінде жолдардағы қауіпсіздік пен жолдардың сапасы, жылыту маусымының өту барысы сараланды.
✔️Аймақ басшысы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
📌– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың іске асуы қатаң бақылауда тұр. Әрбір істі аса жауапкершілікпен орындау керек. Өткен аптада 6 ауданды аралап шығып, тазалығын да зерделедік. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қадағалап тұрамыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тәртіп пен жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық сауаттылықты көтеру қажет, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың баяндауынша, қыс мезгілінде жолдардың қауіпсіздігі мен жүріс сапасы тұрақты бақылауда. Облыс аумағындағы 4669 шақырым жолға 145 арнайы техника, 382 жұмысшы тартылып, 6 мың текше метрден астам құм мен 4 мың тоннадан астам тұз қолданылды. Қосымша техникалар мен жұмыс күшін жұмылдыру арқылы қиын жағдайларда тез арада әрекет ету шаралары қолға алынды.
✔️Биыл облыс аумағында «жасыл белдеу» құру, елді мекендерді көгалдандыру бағытында 1 257 700 түп ағаш отырғызу көзделуде. Оның ішінде, көктем мезгілінде 631100 түп және күз мезгілінде 626 600 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызу жұмыстары ақпан айының соңында басталмақ. Жалпы, өңірде Сирия розасы, өрік, тұт, ива, айлант, қарағаш, катальпа, қаратал, терек, шаған, үйенкі, арша ағаштарын егу көзделіп отыр.
✔️«Таза Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, санитариялық тазарту, абаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын беру тапсырмасы берілген болатын. Тапсырма аясында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде, қауіпсіз қалдықтарды жинау бойынша толық келісім алынды. Бүгінгі таңда 5 аудан, қала әкімдіктері тарапынан Жарғыға өзгерістер енгізіліп, 8 ауданда тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған аудандарда бұл жұмыстар енді басталмақ.
✔️Айта кетейік, өңірде «Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданып, тұрғындармен кері байланыс орнатылуда. Бүгінгі күнге платформаға 1 125 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 104 өтінім орындалса, 21 өтінім орындалу барысында.
✔️Аппарат мәжілісінде «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы, көктемгі дала жұмыстары мен орындаушылық тәртіп жөніндегі есептер тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.