Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

authorBy author18 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Бүгінде мемлекет халықты жұмыспен қамту бағытына ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе тұрғындарының 75 пайыздайы ауылды жерлерде тұратын Түркістан облысы үшін айрықша маңызға ие. Сол себепті облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыспен қамту жұмыстарының жүйелі әрі сапалы түрде орындалуын өзі бақылап отырады. Жұмыспен қамтудың бір тетігі – субсидияланатын жұмыс орындары. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстарды облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады.
✔️Жұмыс берушілер кәсіпорында субсидияланатын жұмыс орындарын ашып,«Мансап» орталығында тіркелген жұмыссыздарды қабылдай алады. Азаматтардың еңбекақысы толығымен немесе ішінара мемлекет тарапынан «Мансап» орталығы арқылы төленеді. Өткен жылы Түркістан облысында субсидияланатын жұмыс орындарына 33 мыңнан астам азамат жолданып, облыс көлемінде жоспар асыра орындалған.
✔️Субсидияланған жұмыс орындары бойынша жүргізілген зерделеу қорытындысы бірқатар кемшіліктердің бетін ашып, кейбір келісімшарттар бұзылды. Еңбек тәртібінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады. Зейнетақы төлеу орталығы арқылы заңдылығы қадағаланады.
✔️«Таза Қазақстан» шарасы аясында көгалдандыру, абаттандыру және тазалау жұмыстарына аудан, қалаларға 6 мыңнан астам азамат жолданбақ. Талап – еңбек тәртібінің сақталуы. Сондай-ақ қоғамдық жұмысқа тартылғандарды барынша тұрақты жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылады.
✔️Облыс әкімі жұмыс орындарын ашу, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беруді тапсырды.
📌– Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – негізгі міндет. Осы тұрғыда, облысымызда тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі, – деді облыс әкімі.
Биыл 32 465 адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау жоспарланған. Оның ішінде жастар практикасымен 11 мыңнан астам адам, қоғамдық жұмыс орындарына 14 мыңға жуық адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 680 адам, «Күміс жас» жобасымен зейнеткерлікке жетпеген 50-61 жасқа дейінгі 2 760 азамат жұмыспен қамтылмақ. Субсидияланған жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында жалпы сипаттағы трансферт есебінен 32 679 млн.теңге қаралған.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.