Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

authorBy author19 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
✔️Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.
✔️Фестиваль барысында өңірдегі аудан, қалалардан келген түрлі этностардың өнерпаздары жеке және топ болып халық әндерін орындау, би билеу және халық аспаптарында орындау бойынша сайысқа түсті.
✔️Мерекелік шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары — Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Алқоңыр» фальклорлық ансамблінің әртісі Аружан Әбдіқадір, «Жаңа леп» ұжымының дәстүрлі әншісі Бекболат Серік және «Самғау» би ансамблінің әртісі Ақжол Абибулла қазылық етті.
✔️Әділқазылардың шешімі бойынша топ болып халық әндерін орындауда Сайрам ауданының «Ғұнча» халықтық ән-би ансамблі топ жарды. Бұл сайыста Қазығұрт ауданының «Дониёр-Файз» тобы 2-орынды, Сауран ауданының «Достық» ансамблі 3-орынды иеленді. Би сайысында Кентау қаласының қос өнер ұжымы – «Рапсодия Жастары» би тобы 1-орынды, «Рапсодия» би тобы 2-орынға лайық деп танылды. Ал Төлеби ауданының «Жаңа толқын» жастар клубының «Грация» шығармашылық тобы 3-орын алды.
✔️Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ән байқауында саурандық әншілер биіктен көрінді. «Отан» әнін нәшіне келтіре орындаған Умида Эркинова жеңімпаз атанса, «Өкінбе сен» әнімен Ғиесиддин Рахмиддинов 2-орынды еншіледі. «Ұлы дала» әнімен қазығұрттық Муштарибану Хусниддин үздік үштікті түйіндеді.
✔️18 жастан жоғары әншілер сайысында 1-орын алған саурандық Мұратжан Атажанов «Қоғалы-ай» әнін әуелете орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл сайыста арыстық Роза Сейітқасымова «Ақерке ақжайық» әнімен 2-орынды, жетісайлық Руфат Ходжиев «Елім менің» әнімен 3-орынды иеленді.
✔️Этностар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестиваль барысында басқарма басшысының орынбасары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Облыстық кезеңде жүлделі орын алған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар енді республикалық байқауда бақ сынайды.
✔️Татулықты ту еткен фестиваль соңында этнос өкілдері «Атамекен» әнін қосыла шырқап, әдемі кештің әрін келтірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.