Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

authorBy author21 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында халықпен кездесуінде Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру бастамасын көтерген болатын. Осы бағытта нақты жұмыстар қолға алынды. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатынан қолдау тауып, бүгінгі таңда Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды. Аталған заң жобасы 13 баптан тұрады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы мәжіліс өткізіп, осы маңызды заң жобасын тиімді пайдаланып, жүктелген міндеттерді сапалы орындау жолдарын, шаһарды дамыту жоспарларын талқылады. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
📌– Түркістан қаласының тарихи мәні өте жоғары екенін білесіздер. Әлемде қала көп, бірақ Түркістан қаласы жалғыз және орны айрықша. Сондықтан бұл заң жобасы шаһардың ғана емес, тұтас өңірдің дамуына серпін береді. Қаланың туристік әлеуетін көтеруге, инвестиция тартуға және қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтауға мүмкіндік туады. Заң жобасында көзделген нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеу мақсатында арнайы комиссия құру қажет. Бекітілген іс-шара жоспарын жоғары деңгейде өткізу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Туризм, мәдениет салалары бойынша ауқымды жоспар әзірлеңіздер. Қала әкімдігі мен басқармалар бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Тағы да іс-шаралар мен жоспарларды жүйелеп, толықтырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әділ Бектұрғанов пен Түркістан қаласының әкімі Әзімхан Пазылбекұлы заң жобасы мен заң жобасының іске асырылуы және өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады.
✔️Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы деп тануы, қаланың тарихи келбетін және оның аумағындағы 25 тарихи-мәдени ескерткішті сақтау қажеттілігі, Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапарындағы тапсырмасы негіз болған.
✔️Заң жобасының мақсаты – Түркістанды ҚР рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретінде дамыту және оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасау. Қаланың тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру, тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту. Жаңа құжат аясында Түркістанда археология ескерткіштерінің резерваты құрылады. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы зерттеліп, кесенесінің маңындағы құрылыстар заңмен шектеледі. Бірегейлігі қорғалып, заңсыз ғимараттар салуға жол берілмейді. Шаһардың дизайн коды қалыптасады. Қолөнершілер шығындарының бір бөлігі бюджеттен өтеледі. Жалпы қалалық әкімдік пен мәслихатқа 44 құзірет беріледі. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану орталығы» КММ құру жоспарланған. Қала құрылысы кеңесі жасақталып, құрамына білікті мамандар енгізіледі. Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі мәдени, туристік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.