Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

authorBy author24 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысының ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай әкімдік тарапынан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материал­дық көмек беріледі. Өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 9 ардагері тұрады. Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға санаттары бойынша 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін біржолғы қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ еліміздің «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде Жеңістің 80 жылдығын атап өту бойынша іс-шара жоспары кеңінен талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды.
✔️Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаеваның баяндауынша, іс-шаралар жоспары тек мерекелік күндерді ғана емес, жыл бойы орындалуы қамтылған. Бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер саны 3 305 адам. Оның ішінде, ҰОС ардагерлері – 9. Олар Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарам, Сарыағаш, Созақ, Қазығұрт аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларында тұрады. ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер саны 227 болса, тыл еңбеккерлері – 3 069. Түркістан облысында ҰОС Жеңістің 80 жылдығына орай 3 305 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан, қала бюджеттері есебінен 242,0 млн.теңге қаржы қаралды.
✔️Одан бөлек, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталатын адамдардың тізімі жасалуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында аудан, қала әкімдіктері арқылы әлеуметтік картасы жасақталды. Олардың денсаулығы мен тұрмыстық жағдайы сараланды. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында соғыс ардагерлеріне жасақталған әлеуметтік картаның нәтижесінде денсаулық сақтау саласы тарапынан жыл басынан 500-ге жуық ардагерге медициналық қызмет көрсетілді. Бұл қызмет жыл бойы көрсетілетін болады. Сонымен қатар «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйі» арқылы айына 400-ге жуық, жылына 7 800 егде жастағы адамдарға сауықтыру қызметтері көрсетіліп келеді.
✔️Жиында Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев іс-шара жоспары туралы баяндады. Жеңістің 80 жылдығы аясында облыста ауқымды іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, батырлардың есімдерін насихаттау мақсатында түрлі конкурстар, экскурсиялар, ғылыми-практикалық конференциялар, «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары, бұқаралық спорттық шаралар, әскерлердің шеруі өткізіліп, мерекелік концерттер, тақырыптық кино кештері, архив құжаттары топтамасынан көрме, кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.
✔️«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызын іске қосу аясында ҰОС қатысушылары, тыл еңбеккерлері және шалғайдағы стансалардың тұрғындарына негізгі медициналық білікті мамандар тарапынан тегін емдеу шаралары ұйымдастыралуда.
✔️Жиын барысында 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы сараланды. Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға халық ұсынысына құлақ аса отырып, инфрақұрылым жүйелерін жетілдіруді, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков байланыс орталығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларды баяндады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардан түсетін қоңырауларды
қабылдайды.
✔️Байланыс орталығына жыл басынан бері 11358 қоңырау түсіп, қаңтар айы бойынша көрсеткіш 15%-ға артты. Олардың 71,4%-ы кеңес беру, 28,5%-ы оқиға ретінде тіркелген. Сонымен қатар көтерілетін мәселелердің басым бөлігі электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, ветеринарлық қызмет, көшені жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарға қатысты. Ал, өткен жылы 130 224 қоңырау тіркеліп, халықпен кері байланыс орнатылған. Сонымен қатар 109 желісінің жұмысына жасанды интеллект мүмкіндіктерін (AI) қолдану жоспары таныстырылды. Бұл өз кезегінде өтініштердің сапалы орындалуын арттырады
және мәселелердің тез әрі тиімді шешілуіне ықпал етпек.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.