Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ 46 ЖАҢА ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ 46 ЖАҢА ТЕХНИКА ТАПСЫРЫЛДЫ

authorBy author7 марта, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, шаруаларға «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Trade-In» бағдарламасы арқылы жаңа техникаларды тапсырды. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының техникалық паркін жаңарту бағытында жұмыс жандана түсетінін жеткізді.

– Бүгін сіздермен маңызды әрі қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарымыз бар. Міне, осы бастама аясында нақты жұмыс басталып кетті. Соның айғағы ретінде бүгін 46 техниканы «Trade-In» бағдарламасы аясында жаңартып, өздеріңізге тапсырғалы отырмыз. Аталған қолдау шараларының нәтижесінде сіздер жаңа техникамен ауыл шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосады деп сенемін. Баршаңызды құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

Техникаға қол жеткізген шаруалар бастамаға ризашылықтарын білдірді. Аймақта ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жалғасады.

Одан кейін облыс әкімі Ақсу елді мекеніндегі «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау кешенінде болды. Аталған кешеннің мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цехының және мал қанын өңдейтін кәсіпорнының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоба жетекшілерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басшыларға ауыл шаруашылығын, оның ішінде терең өңдеу саласын дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.