Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

authorBy author20 марта, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын пысықтады. Жауапты сала басшылары мен өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында өңір басшысына бұл бағыттағы жұмыс барысы баяндалды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.
Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Бүгін Арыс қаласы мен Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының 500 гектарға жаңбырлатып суару әдісімен жем-шөп дақылдарын өсіру, австралиялық әдіспен мал базары кешенінің құрылысы, ет және жануарлар қалдықтарын терең өңдейтін ет комбинатын салу инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы пысықталды. Сондай-ақ Ордабасы, Түлкібас және Қазығұрт ауданындарындағы «Саутс Ойл» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының мұнай өңдеу зауыты, Састөбе инновациялық кешені, Өгем өзенінде ГЭС каскады бар су құбыры инвестициялық жобаларының құрылыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында «PSI Machinery» ЖШС тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылуда. Штаб отырысында сонымен қатар Жетісай ауданындағы «TST JetysaiGroup» ЖШС жіп иіру фабрикасының құрылыс жұмыстарының және Мақтаарал ауданында «Global Textile» ЖШС тоқыма кластерін құру бойынша жобаның ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспары талқыланды. Сонымен қатар Шардара ауданында «AGRIQA Азия» ЖШС «Шардара» экспорттық өнеркәсіптік кластерін құру бойынша жобаның жүзеге асу барысы пысықталды.
– Инвесторлардың түрлі кедергілерге тап болуына жол берілмеу керек. Ол үшін әр әкім, басқарма басшылары тікелей жауапты. Әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда. Бұл бағыттағы жұмыстарды ширату қажет. Аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласына басымдық беріледі, – деді Нұралхан Көшеров.
Сондай-ақ облыс әкімі жаңа жобалардың маңыздылығына назар аударып, аудан басшылары мен жауапты сала басшыларына инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын еске салды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.