Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

authorBy author27 марта, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
– Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған азаматтарға бюджет есебінен 16 925 (9308 – арендалық, 7617 – кредиттік) пәтер пайдалануға берілді. 2024 жылы 47,8 млрд теңгеге 2590 арендалық пәтер (245 үй, 170,1 мың м2) сатып алынған. Облысқа 2025 жылы 578 арендалық пәтер сатып алуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.