Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА — 1 ЖЫЛ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА — 1 ЖЫЛ

authorBy author26 марта, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың сәуірінен бастап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция басталғаннан бері Шымкентте 317 мыңға жуық адам, 2 301 өндірістік және кәсіпкерлік, 687 әлеуметтік нысан қатысып, 10 145 бірлік техника жұмылдырылды. 24 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен бірге былтыр 200 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.
Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары,  қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында   Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстары мен  алдағы даму жоспары туралы  баспасөз жиынында баяндады.
Биыл да  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып, наурыз айынан бастап жыл соңына дейін апта сайын жалпыға бірдей сенбілік жұмыстары өткізілуде. Аталған жұмыстарға күнделікті 2000-нан аса жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылуда. Қала тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар белсене атсалысуда.
Жоспарға сәйкес, 2025 жылы қала аумағында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында ауқымды «Таза аула», «World clean-up day» (Уорлд клиэн-ап дэй) сияқты тазалық іс-шараларын өткізу, 220 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу, 24 көшені көгалдандыру жоспарланған.
Қала тұрғындарының тазалыққа қатысты ұсынысы мен шағымын қабылдайтын телеграм желісіндегі «TazaQazBot» платформасы іске қосылғаннан бастап бүгінге дейін жалпы саны 212 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 164 өтінім бойынша тиісті жұмыстар толық орындалып, 8 өтінім бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың нақты мәселелерді көрсетпеуі немесе мекенжайларды белгілемеуі себебінен 40 өтінім бас тартылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.