Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАС АҚЫНДАРҒА ЖОЛ АШҚАН «КҮМІС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАС АҚЫНДАРҒА ЖОЛ АШҚАН «КҮМІС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

authorBy author17 марта, 2025Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Оңтүстік өңірі қашан да өнер мен мәдениеттің тал бесігі саналған. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Күміс қалам» республикалық байқауы осы сөзімізге дәлел. Поэзия әлеміне қадам басқан жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына қанат бітіру мақсатында өткізіліп отырған байқау талай жастың белін буып, қанатын қақтырды.

Биылғы «Күміс қалам» байқауы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының 120 жылдығына арналды. «Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар» деген нақыл сөзі жадымызда қалған Өтебай ақынның шығармашылығы – бала жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруге бағытталған асыл қазына. Сондықтан жас ақындардың осы байқау аясында қаламгердің мұрасымен сусындауы – болашақ жастар үшін, қазақ поэзиясы үшін үлкен мәнге ие.

–«Күміс қалам» – жалаң жарыс емес, руханияттың шырағын жағар әдеби алаң. Байқаудың басты мақсаты – жастар арасындағы поэзияға деген қызығушылықты оятып, олардың шығармашылық әлеуетін ашу. Қасиетті қара өлеңге жаны құштар жандарға қолдау көрсетуде қала әкімдігі мен мәдениет басқармасына алғыс айтамыз. Бұл жоба арқылы жас қаламгерлер өз туындыларын кең ауқымда танытып қана қоймай, Шымкентке және Өтебай атамыздың шығармашлығына арнау арнамақ. Байқауға биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды, 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. Олардың шығармаларын әділ әрі жоғары деңгейде бағалау үшін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі ақын Жанарбек Әшімжан бастаған қазылар алқасы мен әдебиет майталмандары төрелік етеді. Бұл жас дарындарға шынайы бағасын алып, өз жолын айқындауға тамаша мүмкіндік болмақ, – дейді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің басшысы, жобаның белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов.

Сайыстың ерекшелігі ақындарды іріктей келе, айналымға 8 ақын қалып, дуельге шығады, яғни, өлеңмен атысып, соңында екі ақын қалғанша шайқыласты. Жарыс болған жерде, жеңіліс бар. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қызылордалық ақын Ақжол Түменбайға бұйырса, 1-орынды Түркістан облысының ақыны Мұқағали Кенжетай алды. Жүлдегерлерге қомақты сыйы да бар, бас жүлде 1 млн теңге, 1-орын 700 мың, 2-орын екі ақын 500 мың теңгеден, 3-орын 300 мың, арнайы жүлде екі ақын 250 мыңнан, қалған қатысушыларға 200 мыңнан бөлісті. Ал, бас жүлдеге берілетін дәстүрлі күміс қаламның жөні тіптен бөлек.

Ақын жаны – сезім мен сырдың, арман мен шындықтың айнасы. «Күміс қалам» байқауы сол жандарды танытатын, үнін халыққа жеткізетін алтын көпірге айналып келеді. Бұл бәйгеден түлеп ұшқан таланттар қазақ поэзия әлеміне жаңа леп әкелетіні сөзсіз.

Айта кетейік, «күмістер» жобасы мұнымен аяқталмақ емес. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Күміс көмей» дәстүрлі жас әншілер байқауы мен «Күміс домбыра» айтыскер ақындар сайысын ұсынбақшы. Ендеше, сәттілік!
Қазақ поэзиясының жұлдыздары жарқырай берсін!

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.