Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ СИМВОЛЫ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ СИМВОЛЫ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ

authorBy author14 марта, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Наурыз – халқымыздың ең маңызды, ең шынайы мерекелерінің бірі. Бұл тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, адамның да рухани тазаруы, өткенге көз жүгіртіп, жаңа жылға үмітпен қадам басу кезеңі. Наурыздың бастамасы ретінде тойланатын 14 наурыз – «Көрісу күні» немесе Амал мерекесі де ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі.
Таң атысымен қала көшелерінде мерекелік көңіл-күй орнады. Қоғамдық көліктерде ұлттық әндер шырқалып, жолаушыларға дәстүрлі музыка мен халық әндері ұсынылса, қаланың қапасы саналатын әуежай мен темір жол воқзалы маңы да ән-жырға бөленді.
Көрісу жоралғысы – Астана алаңында да өтті. Мұнда мәдениет және өнер өкілдері арнайы қойылымдар ұйымдастырып, қала тұрғындарына ізгі тілектерін арнады. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры, Өзбек театры, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры, Жастар театры, Әл-Фараби атындағы кітапхана және «Шымкент концерт» ұйымының өкілдері қазақ халқының берекелі дәстүрлерін дәріптеп, күннің шырайын ашты.
Қала тұрғындары мен қонақтарының көп жиналатын орындары – сауда орталықтарында да Көрісу рәсімдері өтті.
Бұл іс-шаралар ұлттық мәдениеттің заманауи ортада да өз орнын тауып, дәстүр сабақтастығы үзілмейтінін дәлелдеді.
Көрісу күні – тек мерекелік шара ғана емес, ата-бабамыздан келе жатқан ізгіліктің, сыйластықтың, кешірімділіктің символы. Бұл күнде адамдар бұрынғы өкпе-назды ұмытып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, қариялар бата беріп, жастар үлкендерге құрмет көрсетеді. Міне, қаламызда өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі осы дәстүрлерді жаңғыртып, қала тұрғындарына ерекше қуаныш сыйламақ. Бұл күн – әр қазақтың жүрегіне жылу беретін, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын ұлы күн. Амал мерекесі құтты болсын!

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.