Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапхана үдерістерін автоматтандыру секторының бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы Шаймерденова Ақмарал Жамалқызы – өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, жоғары білікті маман. Ол өз қызметінде жаңашылдыққа ұмтылып, еңбекқорлығы мен кәсібилігі арқылы ерекшеленеді.
1973 жылы 2 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген Ақмарал Жамалқызы №26 қазақ орта мектебін тәмамдап, Шымкент агро-техникалық колледжінде бухгалтер-экономист мамандығын меңгерді. 2005 жылы Шымкент облыстық жасөспірімдер кітапханасында оператор қызметінен бастаған ол 2011 жылдан бері кітапхана үдерістерін автоматтандыру бағытында еңбек етуде.
Ақмарал Жамалқызы – кітапхана саласына жаңа технологияларды енгізу мен автоматтандыруда белсенді жұмыс істейтін маман. Оқырмандарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түрлі жобалармен айналысып, шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді. Ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болуы оған мәдени іс-шараларды сәтті өткізуге мүмкіндік береді.
2019 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдап, кәсіби білімін жетілдірді. Сол жылы оның еңбегі жоғары бағаланып, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы А. Шалхарова тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Жұмысына деген адалдығы, міндеттерін жоғары деңгейде орындауы және ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнатуы – Ақмарал Жамалқызының басты қасиеттері. Ол бір баланың анасы ретінде отбасы мен қызметін үйлестіре білген тұлға.
Шаймерденова Ақмарал Жамалқызы – кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығымен өзгелерге үлгі болатын жан. Оның кітапхана саласына қосқан үлесі мен адал қызметі құрметке лайық.
#8марта #анаға_құрмет #барлық_аналарға_тағзым, #Әйел_бәрін_жасай_алады, #Күш_Нәзіктік, #KazakhWomen, #ӘйелдерБолашақтыҚұрады, #Әйелдердің_күші
Trending
- ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
- ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
- В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
- ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
- «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
- КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
- 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
- ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

