Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНА: ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНА: ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

authorBy author14 февраля, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы 2024 жылы медицина саласында ауқымды өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізіп, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Медициналық мекемелердің техникалық базасы жаңартылып, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға басымдық берілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде медицина саласы қарқынды дамып, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артты.
Медицина саласындағы ірі жетістіктер:
Жоғары технологиялық оталар:
2024 жылы 1 502 жоғары технологиялық ота жасалып, оның ішінде 10 бүйрек, 2 бауыр және 1 жүрек трансплантациясы сәтті өткізілді. Бұл күрделі оталар қалалық медицинаның деңгейін жаңа биікке көтерді.
Жаңа орталықтар:
№2 қалалық аурухана базасында гепатологиялық орталық пен нейрохирургия бөлімшесі ашылып, медициналық қызметтің жаңа бағыттары іске қосылды. Сонымен қатар, Қалалық клиникалық балалар ауруханасында ерте диагностикалау орталығы жұмысын бастады.
Денсаулық сақтау мекемелерінің аккредитациясы:
2024 жылы 87 медициналық мекеменің 49-ы ұлттық аккредитациядан өтіп, бұл көрсеткіш 56%-ға жетті (2023 жылы бұл көрсеткіш 25,3%-ды құраған). Бұл медициналық мекемелердің сапа стандарттарына сай жұмыс істейтінін айқындайды.
Дәрігерлерді халықаралық деңгейде оқыту:
Шымкенттік 46 дәрігер Ресей, Түркия және басқа да елдердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырып, халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинады. Сонымен қатар, 120 маманға халықаралық шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, кәсіби деңгейлері жоғарылады.
Фармацевтикалық қызмет пен дәрі-дәрмекпен қамту:
Жергілікті бюджет есебінен 3,1 млрд теңгеге 154 науқас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 3,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек таратылып, халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсетілді. «Шымкент – қайырымды қала» қоры 56,3 млн теңгеге қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті дәрілермен қамтыды.
Медициналық ұйымдардың дәріханаларының халықаралық стандартына сәйкестігі:
27 медициналық ұйымның дәріханасы GPP халықаралық стандартына сай сертификатталды, бұл дәрі-дәрмекпен қамтуды жаңа деңгейге көтерді.
Әлеуметтік әмиян жобасы:
«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында дәрілік заттармен қамту бекітілген жоспардан 186%-ға асып түсті, бұл әлеуметтік қолдаудың нәтижелі жүзеге асқанын көрсетеді.
2025 жылдың басындағы маңызды оқиғалар:
* Балалар кардиохирургия орталығының ашылуы:
Шымкент қаласында балалар кардиохирургия орталығы ашылып, балаларға арналған жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артты.
* Жаңа дәрігерлік амбулатория:
«Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылып, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету кеңейтілді.
* Жаңа көпбейінді аурухана:
«Хадиша» клиникасында 257 орындық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметті жақсартуға мүмкіндік берді.
* Жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін арттыру:
1 130 жедел жәрдем қызметкері аттестаттаудан өтіп, кәсіби дайындықтарын жақсартты.
* Қытай медицинасы негізінде оңалту орталығы:
Қытай медицинасы негізінде оңалту орталығы шеберлік сабақтарын өткізіп, жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік берді.
2024 жыл Шымкент медицинасы үшін жаңашылдықтар мен жоғары жетістіктерге толы болды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі одан әрі артпақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.