Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 183 ОТБАСЫҒА АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛЫП, ҚОНЫС ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 183 ОТБАСЫҒА АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛЫП, ҚОНЫС ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

authorBy author30 декабря, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды.

Айтулы мереке қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан.

Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген.

Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар.

Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы.

Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған.

Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй) келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды.

Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын.

​Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.