Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

authorBy author19 декабря, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 11 айында Шымкент қаласында жұмыссыздықпен күресу және тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары жоғары деңгейде орындалды. Жоспар бойынша 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, нақты 28 813 адам қатысып, жоспар 94,4%-ға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев баяндады.

Қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бойынша 3 732 адамды оқыту жоспарланған болатын. Нәтижесінде 3 376 адам оқуға жолданды, бұл 90,5%-ды құрайды. Олардың ішінде, 92 адам кәсіби біліктілікті тану (ваучер оқуы) бағдарламасына,157 адам жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға, 513 адам тұрғын білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысса, 2 706 тұрғын Еnbek.kz порталы арқылы онлайн-оқыту бағдарламасын таңдаған.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 4 176 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Нақты 3 777 адамға қолдау көрсетілді (90,4%). Олардың арасында 3 349 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға тартылса, 428 қала тұрғынына қайтарымсыз грант берілді.

Бағдат Мақсұтұлы өз баяндамасында субсидияланатын жұмыс орындарына да тоқталды. Бұл бағытта 7 453 адамға жұмыспен қамту шаралары ұсынылып, нәтижесінде 7 019 адам (94,2%) қамтылды. Олардың ішінде, 170 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 2 311 жас маман «жастар практикасы» бағдарламасына, 2 453 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 274 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына», 20 жас маман «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 791 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты.

Жалпы 14 846 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 14 641 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жоспар 98,6%-ға орындалды.

Шымкент қаласында жүзеге асырылған жұмыспен қамту шараларының нәтижелері тұрғындарды еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін көрсетеді.

#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.