Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ ҚЫСЫМҒА ЖОЛ ЖОҚ: КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ ҚЫСЫМҒА ЖОЛ ЖОҚ: КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛУДА

authorBy author18 декабря, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономика деңгейін төмендету мақсатында белсенді жұмыс атқаруда. Әлеуметтік-экономикалық ахуалға әсер ететін басым бағыттарды анықтап, жүйелі мәселелерді шешу үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекітті.
Мемлекет басшысы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмаларын орындау аясында адал кәсіпкерлерді заңсыз қылмыстық ортаға тартпау бойынша маңызды шаралар қолға алынған.

Департамент қала аумағындағы жүйелі проблемалар тізімін жасап, олардың шешімі үшін нақты жұмыстар жүргізуде. Басым бағыттарға мыналар жатады:
• Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасын анықтау және жолын кесу.
• Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген бюджет қаражаттарының жымқырылуын және жылыстатылуын анықтау.
• Экономикалық және есірткі контрабандасын әшкерелеу.
• Цифрландыру мен криптовалюта саласындағы құқықбұзушылықтармен күресу.
• Адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және олардың заңсыз әрекеттерге тартылуын болдырмау.

Жыл басынан бері Департамент 105 қылмыстық істі тіркеп, оның 95-ін (80%) өндіріспен аяқтады. Анықталған қылмыстар бойынша келтірілген жалпы залал көлемі 16,5 млрд теңгені құраған. Оның 5,7 млрд теңгесі өндірілді, ал 4,5 млрд теңгеге тыйым салынды. Жалпы, залалды өтеу көрсеткіші 62,2%-ды құрады, дейді. — Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы, полковник — Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы.

Департаменттің басымды міндеттерінің бірі – адал бизнес өкілдерін қорғау және заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеу. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.

#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.