Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ДОДАДА ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАРЫН ӨТКЕЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

authorBy author26 июня, 2024Комментариев нет9 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
2024 жылдың 21-22 маусым күні Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен (аударыспақ) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен 8 құрама команда қатысты. Атап айтар болсақ, Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы бақ сынады.
Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев қорғады. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде күрескен Төлеби Қайыржановқа күміс жүлде бұйырды.
Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.
Осындай ғаламат нәтиже тіркеген отандастарымыз арасында Түркістан облысының мақтанышы 80 келіде топ жарған Дарын Өткелбай бар. Әлем чемпионын Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің басшысы Болат Қонаев бастаған ұжым мен ата-анасы, туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды. Туған жерге оралған аударыспақ шебері Дарын Өткелбай құрмет көрсеткен барша қауымға алғыс айтып, өз пікірін білдірді.
Айта кетейік, Дарын спортшылар әулиетінде дүниеге келген. Оның әкесі –даңқты шабандоз Ақылбай Мәңкеев. Әкесі ұлын жас кезінде көкпар спортына баулып, шабандоз етіп, шығарғысы келген. Алайда Дарынның ынтасы аударыспақ спортына ауып, бүгінде бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, әлемдік додаларда топ жарып жүр.
Туған жерге оралған жерлесіміз Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жан-жақты дайындалады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.