Әскери агрессия, төтенше жағдайлар кезінде мемлекет өзінің барлық ресурсын жұмылдырады және жергілікті халықтың қолдауына сүйенеді. Әскери қызмет атқармаған адамға аумақтық қорғаныс саласындағы қызмет не үшін қажет екенін түсіну қиын. Оның мәні неде? Иә, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бізде Қарулы Күштер бар. Олар кез елген уақытта, елдің кез келген өңірінде Отанынқорғауға кірісуі тиіс.
Дұрысы, сол, әскерлер бүкіл аумақта, әр облыста орналасуыкерек. Дегенмен, экономикалық тұрғыдан қарағанда бейбітуақытта барлық жерде әскерлерді тұрақты ұстау мүмкін емес. Сонымен қатар, қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесі көрсеткендей, қарсыластардың әрқашан шынайы соғыс тәсілін қолданбайтыны да белгілі. Ахуалды тұрақсыздандыру, бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыру үшін олар инфрақұрылымды бұзады, тіршілік көзі болып табылатын объектілерді істен шығарады.
Жауынгерлік іс-қимылдарға көшу кезінде елді мекендердегі тұрақты әскерлер қолдану жоспарларына сәйкес қарсыласпен соғысуға кетеді, ал жергілікті жерлердегі, соның ішінде тылдағы міндеттерді аумақтық әскерлер, Ұлттық ұлан және полиция орындайды. Аумақтық әскерлер дегеніміз не? Бейбіт уақытта бұл — қарапайым азаматтар. Олар жұмыс істейді, оқиды, бизнеспенайналысады. Бірақ олар қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде, әскери комиссариаттарда есепте тұр. Сондай-ақ ел басына күн туған кез келген уақытта қарша бораған оққа қарсы тұруға дайын.
Елдегі ахуал шиеленіскен кезде олар әскерге шақырылып, аймақтың мүддесі үшін әртүрлі міндеттерді орындауға жіберіледі. Әр өңір осындай қиын жағдайларда іс-қимыл жасауға дайын. Осындай қиын жағдайларда әрекет етуге дайын. Бұл мақсатта әзірленген сенімді ескертужүйесі және нақты жауап беру алгоритмі бар.
Бүгін бейбіт күндегі жұмысыңыз, ертең сырттан қауіп төнген жағдайда мүлде басқаша болады, яғни сіз Отан қорғауға жұмылдырыласыз. Нысандарды күзетесіз, торуыл ұйымдастырасыз, жау техникасын жоясыз және т.б. Бұдан басқа, бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезінде олар халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету үшін тартылады. Аумақтық қорғаныстың міндеттері — жұмылдыру резервіндегілер елді мекендерді күзетеді, маңызды нысандарды қорғауды ұйымдастырады. Бәрімізге мәлім, мұндай уақытта үздіксіз байланысты, көлік қатынасын, қару-жарақ пен азық-түлік тасымалдаудықамтамасыз ету қажет. Аумақтық қорғаныс бригадаларытұрақты әскерге қолдау көрсетеді. Аумақты жақсы білеотырып, әскери қызметшілер қоршау құрылыстарын тұрғызады, рейдтер жасайды, әскери техниканы жояды, жауды кез келген тәсілмен бейтараптандыруға және оның жоспарларын бұзуға тырысады. Демек уақытша басқыншылық жасау кезінде жұмылдырылған құрам партизандық қозғалысты іске асырады.
Төтенше немесе соғыс жағдайы режимі кезінде аумақтық қорғаныс әскерлері де жұмылдырылады. Олар билік пен халыққа халықты көшіруді ұйымдастыруға көмек көрсетеді, кезекшілік етеді, қажетті жұмыстарды атқарады.Осылайша, аумақтық қорғаныс әскерлерінің міндеттері Ұлттық ұланның міндеттеріне ұқсас болып келеді.
Аумақтық қорғаныс аймақтық-өңірлік ережеге сәйкес құрылатындықтан, оны ұйымдастыруға әкім де жауап береді. Іс жүзінде барлығы «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарда жазылған.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функциялары нақты айқындалған, оны үйлестіретін Қорғаныс министрлігі. Біздің департамент аумақтық қорғанысты жоспарлаумен тікелей айналысады.Жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс қимылдары кезеңінде аумақтық әскерлерге жалпы басшылықты Қарулы күштердің Бас штабы жүзеге асырады. Ол аумақтық қорғаныс міндеттерін орындайтын күштер мен құралдардың әрекеттерін ұйымдастырады.
Қажет болған жағдайда арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жұмылдырылады. Аумақтық әскерлердің құрылымын, штат санын Қорғаныс министрі бекітеді. Әскерлер аумақтық қағидаға сәйкес әскери қызметшілерден, азаматтық персонал және әскери міндеттілерден жасақталады. Шын мәнінде, әскери бөлімдер мен аумақтық қорғаныс бөлімшелері Қарулы күштердің құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір облыс орталығында және Республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық қорғаныс бригадалары құрылды. Аумақтық қорғаныстың кейбөлімдерінде жасақталған күзет бөлімшелері бар.
Олар негізінен бұрын Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда офицерлік лауазымдарда қызмет еткендер. Олар жергілікті билікқұрылымдарымен, министрліктердің аумақтық органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сондай-ақ арнайы өрістету деген ұғым бар. Ол төтенше жағдай кезінде, ТЖ салдарын жоюда: сел, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және өндірістегі ірі апаттар кезінде өткізіледі.2020 жылы аумақтық қорғаныс әскерлерінің арнайы өрістетуі алғаш рет өткізілген болатын. Жиынға шақырылғандар жедел штабта, блок бекеттерде, патрульдеуде, медициналық мекемелерде, жедел топтарқұрамында қызмет атқарып, дезинфекциялау жұмыстарына қатысты. Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына жәнеТүркістан облысындағы Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты су тасқынының салдарын жоюға қатысқан болатын.
Жалпы аумақтық қорғаныс бригадасына резервте тұрған 1625 адам шақырылды. Жиынға қатысқысы келгендердің саны үш мыңнан асты. Бұл жағдай ел азаматтарының әрқашан көмекке келуге әзір екенін және өздерінің қоғамға пайда тигізгісі келетін ниетін көрсетті.
Қандай да бір жауапты сәтте ешқандай қиындық пен қауіп-қатерлерге қарамастан ел үшін, жұрт үшін тәуекелге баратын кез болады. Бұны патриотизм деп айтуға болады.
Аумақтық әскерлерге жүктелген барлық міндет сәтті орындалды. Аумақтық әскерлердің даярлығын арттыру жолында біршама жұмыстар атқарылды. Одан бөлек, нормативтік құқықтық базаны жетілдірілді. «Аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы міндеттері мен жүйесін бекіту туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына орай құжатта қолда бар тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік органдардың, әскери басқарудың функцияларынақтыланды, сондай-ақ, аумақтық әскерлерді қолдану жағдайлары жазылған. Қазіргі кезде аумақтық әскерлерді жабдықтау нормалары бекітілді. Бұл іс-шараны сапалыұйымдастырудың маңызды сәті.
Былтыр әскери міндеттілердің жиындарын өткізу кезінде, ел азаматтарының осы іске қатысып, олардың мемлекетке көмекке келуге әзірлігі дәлелденді. Бұл қуантарлық жағдай. Алайда бос құлшыныспен ұзақ уақытқа қорған бола алмайтының белгілі. Жалпы, жабдықтау нормаларын негізге аламыз. Олар бізге аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтуға және жоспарланған іс-шараларды тиістідеңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық әскерлердің лауазымды тұлғаларының біліктілігі артуда. Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, басқа да жоғары оқу орындар базасында курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жаттығулар, командалық-штабтық оқу-жаттығулар, жауынгерлік оқу-жаттығу жиындарын өткізіледі. Соңғы үш жылда 50-ден астам осындай шара өткізілді.
2019 жылы облыс және қала әкімдерінің аппараттарындаәкім көмекшісі лауазымы пайда болды. Ол лауазымдарға Қорғаныс министрінің бұйрығымен іссапарға жіберілген, қазіргі кезде Қарулы күштерде қызмет атқаратын офицерлертағайындалады. Олар өңір басшысының аумақтық қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі қызметін қамтамасыз етіп, үйлестіру мәселелерімен айналысады.
Қарулы Күштер аумақтық қорғаныс әскерлері елімізгетөнген кез келген басқыншылықта және қандай да бірагрессияда жедел іс-қимыл жасау үшін бәрін жасауға әзір. Әлемде шиеленіскен жағдайлар, қарулы қақтығыстар болыпжатыр. Сондықтан тіркелген құрамды жүйелі түрде дайындауда Қарулы Күштер органы осы бағытта жұмыс атқаруда.

